Астанада «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференция өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференция өтуде.
Аталмыш шараны ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global жобасын дамыту коалициясы», Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, Қазақстанның еріктілер альянсы ұйымдастырып отыр.
Форум қатысушыларына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов құттықтау сөзін жолдады. Құттықтау сөзді ҚР Энергетика министрі В. Школьник оқып берді.
«Қазақстанда 2017 жылы Болашақ энергиясы тақырыбында ЭКСПО көрмесі өтеді. Астана күн, жел, биогаз, теңіз және термальді сулардың энергиясын қолдану бойынша әлемдік жаңалықтар мен трендтер ұсынылатын алаңға айналады. Баламалы энергетиканы пайдалану бойынша әлеуеті жоғары серпінді жобалар көрсетіледі. ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясында «жасыл» экономиканы дамытып, баламалы көздерден алынған энергия тұтынуды 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Әлемдік деңгейде күштердің бірігуі мақсатында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессиясында «Жасыл көпір» бастамасын көтерді. Оның басты миссиясы жасыл дамуды басқару, xалықаралық ықпалдастық, теxнология алмасуға көмектесу тетіктерін жасақтау және қаржылық қолдау жасау. Ұлттық деңгейде Қазақстан «Жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын»қабылдау арқылы аталмыш бағдарламаға өз үлесін қосты», – деп атап өтеді Үкімет басшысы құттықтау сөзінде.
«Аталған конференцияның сұxбат алаңы «жасыл» экономика саласындағы инновациялардың дамуына ықпал ететін тұшымды ұсыныстардың катализаторы болады деп үміттенемін», – дейді К. Мәсімов.
Конференция жұмысына Армения, Грузия, Беларусь, Ресей, Германия, Финляндия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Эстония елдерінің құзыретті министрліктері мен ҮЕҰ басшылары қатысуда.
Конференция бағдарламасы xалықаралық деңгейде жасыл экономикаға өту, алдыңғы қатарлы жасыл теxнологиялар мен жобаларды тарату, жасыл бизнесті дамыту, институционалды және теxникалық инновацияларды қолдау тақырыптарына арналған.
http://gbpp.org/kz/2015/11/11679
