«Жасыл ел» еңбек жасағына 10 жыл
«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары EXPO көрмесінің нысандарын тұрғызуға атсалысуда.
Биыл 1 мыңнан астам адам құрылыс жұмыстарына қатысты. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ұйым өкілдері заманауи кешеннің құрылысы жастар арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр дейді. Сондықтан алдағы уақытта нысанның бой көтеруіне үлес қосуға ниетті азаматтар қатары артты. Елбасы тапсырмасымен құрылған жасақ өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға барынша қол ұшын беріп жүр. 10 жылдың ішінде 230 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 150 мың гектар жер абаттандырылып, 48 миллионнан астам көшет отырғызылды.
Гүлсім Оразбаева, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы:
- «Жасыл ел» негізінен жастардың бойындағы патриоттық сезімді шыңдай түседі. Біз отырғызған әрбір тал ертеңгі күні іздеген жанға сая болып, біз қалаған әрбір кірпіш мұқтаж жанға пана боларың білгенде біздің көкірегімізді қуаныш сезімі кернейді. Жыл сайын жасыл елдің сарбаздар саны арта түсетініне сенімім мол.
http://gbpp.org/kz/2015/11/11548
