Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
Астана-Париж диалогы дамудың даңғыл жолында
Франция ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады. Бұл уағдаластыққа Елбасының Парижге ресми сапары кезінде қол жеткізілді. Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландпен кездесіп, жоғары деңгейде келіссөздер жүргізді. Француз көшбасшысының өткен жылғы Астанаға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген келісімдер сараланды. Бірнеше құжатқа қол қойылды. Екеуара ынтымақтастық одан әрі дами бермек. Екі ел ынтымағын кеңейткен сапар. Тариxи һәм экономикалық мәні зор. Бәрінен Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қошемет ерекше. Салтанатты қабылдаудың ең биік мәртебесіне лайық құрмет көрсетілді. Францияда мұндай ерекше рәсім ең мәртебелі меймандарға бұйырады екен. Мемлекет басшыларын салтанатты түрде қабылдаудың дәстүрлі мекені атанған «мүгедектер үйіндегі» ресми бөлім француз басшысының қатысуынсыз өтеді…