Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еуропада қуат үнемдейтін үйлер сұранысқа ие

Еуропа елдерінде қуат үнемдейтін баспаналар жоғары сұранысқа ие.

Олар экономикалық тұрғыдан тиімді. Нағыз «жасыл» экономика деуге болады. Энергияны күн мен желден, тіпті жерасты суынан алады. Шығыны аз осындай баспананың ішіндегі жылудың таралуы да үнемді ойластырылған. Мәселен, компьютер немесе кеңсе техникасын қосқанда оның жылуы босқа кетпей, үйді жылытып отырады екен. Ауа алмастыру жүйесі де ылғалдылықты біркелкі үлестіреді. Вена сәулетшілерінің айтуынша, қаржы дағдарысы кезінде бұндай ақылды баспана қажеттілікке ие.

Урсула Шнайдер, сәулетші:

- Жаңғыртылатын энергия – болашақ қуат көзі. Дағдарысқа қарамастан, халық бұндай үйлерге қаржысын құяды. Өйткені 30-40 жылдан кейін көмір, газ немесе бензинді әлеуметтің қалтасы көтере алмауы мүмкін. Алайда күн мен жел әрдайым тегін және пайдалы.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11544

 
1
0
224

Осы тақырып бойынша

Еуропада қуат үнемдейтін үйлер сұранысқа ие - Yvision.kz