Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының xаттамасына 14 мемлекет пен 6 ұйым қол қойды – В. Школьник

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының xаттамасына 14 мемлекет пен 6 ұйым қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті. «2010 жылы III Астаналық экономикалық форумында Қазақстан Президентінің ұсынған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы әлемдік қауымдастықтың, іскерлік ортаның, БҰҰ-ның «Рио+20» саммитінде қолдау тауып отыр. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы ЭКСПО-2017 көрмесінде климаттық келісімдерге қол жеткізуге үлкен серпін бере алады», – деп атап өтті министр Астанада өтіп жатқан «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференцияда. «Бағдарлама идеялары ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу дайындығының бағда…

1
0
499

G-Global тұғырнамасында жылсайын жасыл бастамаларды ілгерілету байқауын өткізу қажет – С.Нөгербеков

АСТАНА. ҚазАқпарат – G-Global тұғырнамасында жылсайын жасыл бастамаларды ілгерілету байқауын өткізу қажет. Бұл туралы бүгін «Жасыл көпір: Алдыңғы қатарлы практив және инновациялар үшін серіктестік тұрғынамасы» атты халықаралық конференция барысында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков айтты. «G-Global халықаралық хатшылығы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын, «ЭКСПО-2017»-ні, БҰҰ-ның «Барлығы үшін тұрақты энергетика» бастамасын ілгерілету аясында біздің тұғырнамада жасыл бастамаларды, жасыл жобаларды, сонымен қатар институттық, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын ілгерілету үшін жылсайынғы байқау өткізуді ұсынады», – деді ол. Сонымен қатар, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында G-Global халықаралық хатшылығы өзінің серіктестерімен бірлесіп, «ЭКСПО-201…

1
0
260

Жасыл экономика. Қоқыстан қалай құтыламыз?

Бүгінде Қазақстан полигондарында 100 млн тоннадан астам қоқыс жиналған.

Бұған мегаполистердегі халық санының артуы мен қаптамасы бар тауарлар түрінің көбеюі әсер етіп отыр. Бұдан шығудың басты жолы – қоқыстарды қайта өңдеу. Мамандардың сөзіне сенсек полигонға тасталатын қоқыс мөлшері қалдықтарды қайта өңдеу секторының дамуы есебінен азаюы тиіс. Елімізде бұл бағытта қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?

http://gbpp.org/kz/2015/11/11869

1
0
811

«Жасыл ел» жасақтары еңбек маусымын аяқтады

Астанада «Жасыл ел» жасақтарының еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Бейбітшілік және келісім сарайында биыл атқарылған жұмыс барысы қорытындыланып, арнайы мерекелік концерт болды. Елбасы бастамасымен 10 жыл бұрын қолға алынған жоба бүгінде оң нәтиже көрсетуде. Осы уақытқа дейін 230 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 150 мың гектар жер абаттандырылып, 48 млн-дан астам көшет отырғызылды. Мерекелік шара барысында елді мекендерді көріктендіруге айтарлықтай үлес қосқан азаматтар марапатталды. Рахат Хамидуллин, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының жетекшісі: - Алдымыздағы жоспар – ЭКСПО-2017 жұмыстарына, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құрылысқа, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолының бойында жасыл желектің бой көтеруіне жастарды тарту. http://gbpp.org/kz…

1
0
402

«ЭКСПО-2017» барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады – С.Нөгербек

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады. Мұндай ұсынысты бүгін «Жасыл көпір: Алдыңғы қатарлы практив және инновациялар үшін серіктестік тұрғынамасы» атты халықаралық конференция барысында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков жасады. «Біз «ЭКСПО-2017» аясында үш халықаралық форум өткізу бастамасын көтеріп отырмыз. Олардың күн тәртібі – СО2 шығарындыларын төмендету, энергия тиімділігін арттыру және барлық үшін қолжетімді энергия», – деді ол. Оның сөзіне қарағанда, бұл халықаралық шараларды БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткізу қажет. «Бүгінгі күні G-Global халықаралық хатшылығы, жасыл экономика коалициясы және G-Global барлығы үшін тұрақты даму бастамаларын…

1
0
369

Қазақстан Парижде климат мәселесі бойынша БҰҰ конференциясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан тарапы Парижде климаттық өзгерістерге арналған БҰҰ конференциясана қатысады. Бұл туралы бүгін «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференцияда Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен мәлім етті. «Біз сіздерді осы конференцияның ашылуына жоғары саяси деңгейде қатысуға шақырамыз. Жақында Парижде Қазақстан тарапынан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысатындығын естідік және біз осы бағыттағы жұмыстар үшін Қазақстанға алғыс айтамыз», – деді елші. Айта кетейік, климаттық өзгерістерге арналған COP21 конференциясы Францияда биылғы 30 қарашадан 11 желтоқсан аралығында өтеді деп күтілуде. Бұл – климаттық өзгерістер бойынша БҰҰ Конвенциясы аясында өткізіліп отырған 21-ші конференция. Х…

1
0
361