Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 7 күн

Біз бұл күнді түгелімен тарихқа арнадық. Ең алдымен, "Әдебиет және өнер музейінде" болып, Көкшетау жеріндегі мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, жазушыларының өмірі мен шығармашылығына қатысты ескерткіштермен таныстық. Бұл мұражайда отыз мыңнан астам экспонаттар сақталған. Олардың арасында Е.Мырзахметов, К.Салықов, И.Салахов, Б.Қанапиянов және т.б. атақты адамдардың кітаптары және қолжазбалары, құжаттары, фотосуреттері мен этнографиялық, тұрмыстық заттары және т.б. сақталған. Бұдан соң, "Ақмола облыстық өлкетану музейіне" бағытталдық. Адамдардың айтуынша, бұл облыстағы ең байырғы мәдени - ағарту мекемелерінің бірі. Бұл мұражайда 71195 экспонат сақталған. Бұның қатарына Ақмола облысының аумағында мекендеген тұрғындардың этнографиясы мен тұрмысын, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері, жаратылыстық - ғылыми фотоқұжаттық материалдар бар. Бұл осы өлкенің ежелгі дәуірінен бүгінгіге дейінгі тарихының кішігірім энциклопедиясы. Бұл жерден соң, "Көкшетау қаласының тарихы музейіне" бардық. Осы жерде 19-20 ғасырда болашақ кеңес дәуірінің көрнекті қайраткері В.В.Куйбышевтің отбасы мекен еткен. ҰОС жылдарында бұл үйде Кеңес Армиясының жаралы солдаттарына тыл госпиталі орналасқан. Музей қорында 11000-нан астам экспонат сақталған. Мен үшін бұл саяхат өте ұнады. Мен бұл қаламен жақсырақ танысып, мекен еткен адамдары туралы өте көп мағұлмат алдым. Соңғы күнді тарихқа арналғаны дұрыс болды деп ойлаймын. Мен бұл ақпаратты мәңгі есте сақтаймын.

0
0
390

Осы тақырып бойынша

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 7 күн - Yvision.kz