Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 4 күн

Бүгін біз еліміздің астанасы – Астана қаласына сапар шектік. Ұзақ жолдан соң, тұңғыш елбасымыздың, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұражайына бардық. Бұл жерде біз еліміздің президентінің биографиясымен таныстық: балалық шағы, білім алған жерлері, туыстарымен қарым – қатынасы, еңбектері, президенттікке жолы және т.б. . Сонан соң Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайына бардық. Бұл жерде еліміздің жалпы жетістіктері және Астана қаласының макеті бейнеленген. Сонымен қатар қазақтың барлық дәстүрлері, мәдениеті, киімдері және тұрмыстық заттары да интерактивті түрде көрсетілген. Бұл жерде қазақ елімен танысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Сонан соң Астана қаласының ең көрікті жерлерінің бірі – Бәйтерек алаңына бардық. 97 метр биіктігі бар зәулім ғимарат кез-келген адамды таң қалдырады.Бұдан соң «Атамекен» этномемориалдық кешенінде экскурсия өткізілді. Бұл кешеннің негізгі мақсаты – еліміздің барлық табиғат зоналарының алуан реңкі мен экономикалық жетістіктерін көрсету, мәдени құндылықтарын сақтап, көбейту  және адамдарды елімізбен, тарихымен, дәстүрімен таныстыру. Бұнда ең көп әсер еткені – Қазақстандағы қалалардың негізгі құндылықтарын карта секілді макеттермен көрсету. Бұл жерде Атырау қаласындағы Махамбет және Исатай алаңы, «Сарайшық» тарихи орталығы және ФОК секілді нысандарының макеттері бар. Экскурсия біткен соң, Астананың «MEGA» ойын-сауық кешеніне бағытталдық. Бұнда сәл уақыт өткізіп, Көкшетау қаласына қайтып келдік. Бұл күні мен елім туралы білмеген өте көп ақпарат алдым. Әр адам өзінің отаны туралы барлық нәрсені білуге міндетті.

 
0
0
319

Осы тақырып бойынша

Серік Бекзат.Туған Елге Тағзым 2015, Көкшетау қаласы, 4 күн - Yvision.kz