Тәжікстан сапары, 1-ші күн
Біздің үйдің бір салты бар, ол дәстүр бойынша балаларға Жаңа жылға арнайы сыйлық жасаймыз. Әрине, өзіміздің төл мейрамымыз Әз-Наурыз ғой, дегенмен күнтізбелік жыл соңында Аяз Ата (мен, яғни, пақырыңыз) балаларға сыйлық беріп жіберіпті. Шыны керек, 2018 жыл күрделі болды, бірақ дәстүрді жалғастырдық.Сыйлықтарын алған балалар мәз, үлкендері әрине Аяз Ата мен екенін біледі. Бірақ, кіші балалар қағазға жазып, өтініштерін білдіреді. Сонымен, өзіме де сыйлық жасап жібердім. Бұл 30 желтоқсан еді. Иә, алдын ала баратын елімді анықтап, билет алып қоятын едім. Түн ортасында Астана-Алматы-Душанбе және Астана-Душанбе бағыты бойынша билетке тапсырыс бердім. Сомасы 121 924 теңге болды. Онлайн төлеп жібердім. Жалпы, шетелдіктер, әсіресе еуропалықтар бір жыл бұрын, кем дегенде жарты жыл бұрын баратын елд…
