Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң жобасы Сарайшықтан көшіріліп алғынғанын білесіз бе?!
Иә, таң қалмаңыз, кешегі күнге дейін біз тек далалықтармыз, қазақтарда қала мәдениеті болған жоқ деген жалған түсінік болып еді. Әрине, олай еместігіне өз басым жақында тағы да көз жеткізген едім. Қала мәдениетіне тән заттарды әдетте Қазақстанның оңтүстігінен көреміз ғой, ал атын бұрыннан естіп жүрген Атыраудағы Сарайшықты көру ерекше әсер қалдырды. Расында, бұл бір керемет тарихи құнды жәдігерлерге толы мекен екен. Атам қазақ айтпақшы, «көп естігеннен бір көрген артық» демекші, өткен аптадағы қоғам және мемлекет қайраткері Рашила Мұрсалиеваның мерейтойы кезінде қаладан 50 шақырымдай қашықтықтағы Сарайшық қаласына да жол түсіп еді. Жалпы, Астананы бас қаламыз, Алматыны тәуелсіздігімізді таныған астанамыз десек, Атырауды мұнайлы астанамыз деп нақтыласақ қате болмас, ал Сарайшықтың мұнайлы…
