Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңғыстауда «Даму – Көмек» жобасы шеңберінде мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

«Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалына он үш кәсіпкер келіп, «Даму-Көмек» жобасы шеңберінде демеу көмек сұраған еді. Олардың көпшілігі «Ақтау саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Негізінен тігін машинасы мен тігілген бұйымдарды әдіптейтін машинаға қол жеткізе алмай жүрген жандар болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандардың тілегіне «Ақ жол құрлыс» ЖШС, «СМК-Атамекен» ЖШС, «Techno West LTD» ЖШС, «БатысГеофизСервис» кәсіпорындары құлақ асты.

Сыйлықтарды табыстау рәсімі 20 қыркүйек күні «Даму» Қорының Ақтау қаласындағы ғимаратында өтті. Ақтаулық кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі болашақ кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетті. «Даму» Қоры «Даму-Көмек» жобасы шеңберінде тікелей қаржыландырмайды. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер арасында байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту мүгедектердің өздеріне ғана емес, олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бизнес-құрылым өкілдерінің бастамалары маңызды сәттерінің бірі және олар демеушілік көмек көрсетуге немесе өзге де қажетті көмек көрсетуге дайын.

1. Маңғыстау облысының он тұрғыны, атап айтқанда: 3 топтағы мүгедектер Нұрғалиева Жұлдыз Сегізбайқызы, Джұмабаева Индира Базарқұлқызы, Сыдықов Максет Нсанбайұлы, Балтурина Асель Амангельдіқызы, Жұманазарова Мейрамгуль Қалбайқызы, Жолдасбаева Жансұлу Ұразғалиқызы, Чудикова Клара Джумабайқызы, Нарембаева Гульнаш Сағидуллақызы, Мисекенова Мөлдір Серікбайқызы, Қосмағанбетова Айкүн Сапайқызы шеберхана ашу барысында тігін машинасына мұқтаж болған.

2. Ақтау қаласының үш тұрғыны, бала кезінен 2-3 топтағы мүгедек Аманжолова Ажар Кубенқызы, Айтжанова Орынгүл Інірбайқызы, Құрманова Эльвира Келтірқызы тігін шеберханасын ашу мақсатында көп функционалды оверлок тігін машинасына мұқтаж болған.

«Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы, және «Ақтау саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі жоғарыда көрсетілген Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне баға жетпес көмек көрсеткені үшін шынайы алғысын білдіреді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған демеушілік түріндегі көмек жеке сектордың қаражатын тарту арқылы жалғасуда, жобаға байланысты барлық ақпаратты барлық ниет білдірушілер төменде көрсетілген байланыс деректеріне жүгіне алады.

Еске сала өтейік, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Ақтау қаласы 16-шағын ауданда орналасқан. Әр аптаның бейсенбі күні сағат 15:00 Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне Бірыңғай бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шарттарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізеді.

Анықтама телефондары: + 7 (7292) 70-10-51 іш. 3721, 3722, 3723, 3729, 3730 арқылы білуіңізге болады. www.damu.kz

 
0
0
909

Осы тақырып бойынша