«Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы
Жаз айлары бойы Павлодар облысының қалалары мен аудандарында «Арбат-2016» шығармашыл жастар көрмесі өткізіліп келеді. Көрмеде әртүрлі бағыттағы өнерлер көрсетіліп, көптеген қол өнер бұйымдары ұсынылуда. Оған қоса көрмеген жиналған көпшілік көрмеде спорттың экстрималды түрлерін тамашалады.

Жаз айының аяқталуына орай, 21 тамыз күні Гагарин атындағы қалалық саябағында «Арбат-2016» шығармашыл жастар көрмесінің салтанатты жабылуы өткізілді. Павлодар облысының қалалары мен аудандарының өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Баянауыл, Қашыр, Успен, Щарбақты, Май, Железин аудандарының белсенділері дүйім жұртты өздерінің өнерлерімен тамсандырды. Мерекелік концертпен қатар қол өнер шеберлерінің алаңдарының жұмыстары қала тұрғындарына көрсетілді.

Жаз бойы «Арбат-2016» шығармашыл жастар көрмесінің өтуіне ат салысқан жастарды Павлодар облысы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі алғыс хаттарымен марапаттады. Бос уақыттарын қоғамдық жұмыстарға арнап, әдемі өнерлерін көрсете білетін жастарға біз де алғысымызды білдіреміз.


Керекуде жастар арасында әндері танымал болған жас әншілер Аман мен Тілекте бұл іс-шарада өздерінің өнерлерін көрсетті. Биік белестерді бағындыра бергей!

