облыстық «Start up – жыл идеясы» байқауы өтті
22 - 23 қараша күндері аралығында, Жастар орталығында Облыстық «Start up – жыл идеясы» байқауы өтті.
Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы 60 үміткерлерден түскен жобалардың іріктеу кезеңіне 33-і өтті.
Бірінші кезеңде Әділ қазы алқаларының қатарында: АҚ «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту фонды», ҚР ҰҚП «Атамекен», Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдарының өкілдері болды. Нәтижесінде ақтық кезеңге 15 жұмыс жолдама алды.

23 қараша күні өткен қортынды кезеңіне Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев және бірқатар әлеуетті инвесторлар қатысты. Байқаудың бір ерекшелігі егер қатысушылардың жобасы инвестордың көңілінен шыққан болса онда менторлық келісімшартқа қол қойып, жобаның әрі қарай іске асуына ықпал етті.

Өз кезегінде KREM COFEE компаниясының негізін қалаған Александр Гаглоев та осы мүмкіндікті пайдаланып, жобаға қолдау көрсетуге ниет білдіріп, екеуара құжатқа қол қойды.
Жастар орталығы болса өз кезегінде қызық деген 3 жобаға ноутбук сыйлап, жұмыстарының алға басуына ынталандыру ретінде ниетін білдірді.

