Мазмұнға өту
BerikSultan

Berik Sultan

@BerikSultan

Сайтта 2015 ж. 11 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

20

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Қысты қызықты өткізу үшін...

Медеу, Шымбұлақ, Ақбұлақ, Табағаннан басқа қыста қайда барап демалсақ болады? Алматыда отбасымен барап, демалып қайтатын жер бар ма? Ақша төлемейтін, тегін жерлер болса күшті болушы еді деген сұрағыңыз болса, бұл пост сіз үшін. Алматы қаласы. Алмарасан. Бұлақтан өткен кезде, өзіңіз ойлағандай жерге тап боласыз. Күшті жер. Ешқандай кедергісіз күндіз түні сырғанай бересіз. Өзіңізбен бірге шана алып бармасаңыз да болады. Сол жерде жалға балондар беріледі. 1 сағатқа 500 тг. Қарныңыз ашса, ыстық бауырсақ пен самаурын шәйі тағы бар. Бірақ, оны сатып аласыз :) Айтпақшы өзіңізбен бірге жұрттар сияқты қазан-ошақ алып келіп, тамақ пісіріп жеуге болатын таптырмас орын бұл. Жалға берілетін жылқылар да бар. Тауға қарай шабасыз да кетесіз. Сенбі жексенбі адам көп болады. Достармен келіп, кәуәп пісіріп,…

0
0
1304

OFFline бағдарламасы

Алматы телеарнасында #OFFline бағдарламасы биыл өз деңгейінде өтті. Алматыдағы атақты блогердердің барлығы экранға шығып, online-да айтып жүрген пікірлерін #OFFlinе-да айтты. Мамандарға кеңес айтып, өз ұсыныстарын жеткізді. Қоғамдағы қордаланған һәм қызу талқыланып жатқан мәселелерді экранға шығаруға жол ашқан Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы телеарнасының басшылығына блогерлердің атынан алғыс білдіремін. Себебі біз әлеуметтік желіде ғана айтып, сынап жүрген мәселелерді бұл жолы сол сала маманының өзіне айтуға мүмкіндік алдық. Мәселен трамвайдың тоқтатылуына қатысты "АлматыЭлектроКөлік" басқармасының маманын шақырып, көкейдегі сұрақтарды қойдық. Бағдарлама қонағы журналист Мариям Абсаттар болды. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі белсенділігі туралы да өте пайдалы ба…

2
0
608

«Болашақ» тарихта қалады

Біреулер алаңға шығып қазақ тілі дейді, біреулер Светланаға қазақша сөйле деп ұрсады, енді біреулер әлеуметтік желіде ұрандатады. Иә, барлығының мақсаты қазақ тілін дамытып, жұртты қазақша ойландырып, қазақша түс көруге үйрету. Ниет жақсы. Бірақ қазір құр ұрандату пайда бермейді. Қазір ешкім ұранға еріп, қазақша сөйлеп кетпейді. Сөйлеп кеткендері де жоқ. Біздің ғасыр істің ғасыры. Ұран сөздерді сандыққа салып, қара құлыппен құлттан кілтін қара теңізге лақтыратын заман, қазір. Бүгінде тек іспен ғана жетістікке жетіп, белес бағындырып, жоспарыңды жүзеге асыра аласың. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы үшін уайымдап, шамасы келгенше тірлік істеп жүрген жандар жетерлік. Ал, осы істе «Болашақ» қауымдастығының орны ерекше. Голливуд киноларын қазақшаға аударып, шетел актерларын ана тілімізде сөйл…

2
0
596

Шымбұлаққа бару үшін қанша теңге керек?

Алматыда бірнеше жыл тұрса да Шымбұлаққа барып сырғанамағандар көп. Солардың бірі мен. Неге деген сұраққа «Уақыт болмады, реті келмеді» - деп сылтау айтып жауап беруге болады. Бірақ шынын айтсам, Шымбұлақ байлардың ғана баратын орны деп ойлайтынмын. Шаңғы теуіп, тау баурайында отырып шәй ішуге 30-40 мың теңге кететініне өз-өзімді сендіріп, Медеуден ары аспайтынмын. Масқара. Қатты қателесіппін. Тарқатып айтайын. Бүгін достармен «Бісміллә, не де болса көрейік» - деп ат басын Шымбұлаққа бұрдық. Бағасы мен ойлағаннан әлдеқайда арзан екен. Мәселен аспалы жолмен тауға көтеріліп түскініңізге 20500 оййй кешіріңіздер, 2500 теңге төйлейсіз. Иә, таза ауамен тыныстап, тамаша табиғатты көріп, таулардың биіктігіне тамсану үшін бұл қымбат ақша емес. Оның үстіне сіз өзіңізбен алып барған шәй мен самсаны…

7
0
5873

Бауыржан Байбекке не дедім? Ол не деп жауап берді?

Алатау баурайындағы ару қала Алматы туристер ең көп келетін қала. Қар көрмеген, шаңғы теппеген шетелдіктер біздің Шымбұлаққа келіп сырғанап, Медеуге барып мауқын басады. Шетелдіктер деп шегелеп айтқанымның да себебі бар. Олар тек қолғап киіп қар ұстау үшін емес, қыздарға қырындап, ойнас жасау үшін де келеді екен. Өздеріңіз білетіндей Үндістанның DNA агенттігінің журналисі Шахкар Абеди Қазақстанда секс-туризмнің танымал боп тұрғаны туралы жазба жазып, бізді бір шулатып еді. Артынша кешірім сұрады. Біз әдеттегідей, кешірдік. Бірақ, әлгі пенденің сөзіне мән беріп, зерттеу жүргізгендерді көрмедім. Мүмкін шынымен де шетелдіктер қыз үшін келетін шығар?! Бұл тақырыпты мен де аз зерттемедім. Тіпті Сейфуллин көшесіне арнайы барып, жезөкшемен сұхбаттастым. Көп сұрақ қойдым. Біз көппіз дейді. Жап-жа…

8
1
725

Менің ойымша, трамвай...

Алматы қаласында ‪#‎трамвай‬ қызметі өз жұмысын уақытша тоқтатуына байланысты әркім әртүрлі пікір айтып жатыр. Бірі трамвай керек десе, бірі тоқтатылғаны дұрыс болды дейді. Әрине пікір айтып, ой тудырушылардың барлығы трамвай жұмысы туралы біле бермейді. Көпшілігі қоғамдық пікірге еріп, өз сөзін айтып қалуда. Елден қалмау да дұрыс шығар. Менің де осы тақырыпта сөз қозғауға толық хақым бар. Себебі Трамвай депосын Алматы қаласы әкімімен бірге мен де аралап көрдім. Ой түйдім. Естігенімді емес, көргенімді айтайын. Біріншіден қызметкерлер отыратын ғимарат өте нашар. Жөндеуден өтпеген. Бұзылған трамвайларды жөндейтін орындар да шаршаған. Пайымдауымша талапқа сай емес. Осыдан 2-3 жыл бұрын Германиядан 17 трамвай сатып алынғанын білесіздер. Соның 14-і ғана халыққа қызмет көрсетіп келіпті. Қалған…

3
0
1531

Адамды тыңдата білудің 6 қағидасы

Егер сенің сөзіңді көп адам тыңдасын десең онда 6 нәрседен қашық бол.1. Cөзіңнің арасына өсек араластырма2. Әңгіме барысында ешкімді талқылама3. Сөзіңе жағымсыз хабар (негатив) араластырма4. Ақталма5. Әңгімеңді әсірелеп айтпа. Әсірелеу өтірікке алып барады6. Ешқашан жалған сөйлеме, жалған ақпарат таратпа. Ал, әңгімең өтімді болып, елдің ұйып тыңдауы үшін 4 нәрсеге асық бол.1. Шынайы бол2. Басқа образға кірмей, өзіңмен өзің бол3. Шын сөйле4. Тыңдармандарыңа махаббатың болсын. Махаббат ол жақсылық тілеу. Жақсы хабар тарату, жағымды ақпарат жеткізу. Ал, оқырмандарыңа махаббатың болмаса, онда сен өсек айтып, жалған сөйлеп, арасында ақталып, біреуді қаралап негатив ақпарат жеткізесің. Бұл оның көңіл күйіне, психологиясына һәм өміріне зиян! Ең жаманы ол енді сені тыңдамайды! p.s. Пайдалы ақпара…

0
0
617

Сен қазақша сөйледің...

Елбасы Н. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны әр қазақты қуантты. БАҚ өкілдері қазақ тілін әлем естіді мақала жазып, телеарналардан түрлі сюжеттер көрсетті. Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл қуанышпен бөліспей тұра алмады, барлығы дерлік Елбасының суретін салып, бір-бір пост арнады. Интернетті ақтарып отырғанда, Ауыт Мұқибектің "Сен қазақша сөйледің..." атты өлеңін оқып қалдым. Керемет жазылған. Ұнады. Бірден алтын дауыс иегері Мұхамедәли бауырыма хабарласып, өліңді оқып беруін өтіндім. Ролик жасаймыз, Елбасын қолдауымыз бен тілге құрметімізді біз де білдірейік дедім. Қуана келісті. Бас аяғы 2 сағаттың ішінде ролик дүниеге келді. Ел арасында жақсы тарады. белгілі сайттар алғашқы бетіне шығарды. Ең күштісі ҚР Президентінің баспасөз қызметі Facebook әлеуме…

2
1
710

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі

«Нұр Отан» партиясы доктринасында белгіленген мәдени және рухани құндылықтарды сақтау және арттыру мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Астанада аламан бәйге өтеді дегенді естіген соң Алматыда жата алмадым. "Көппен көрген ұлы той" осы болар деп ойланбастан ат басын Астанаға бұрдым. Қабанбай ауылы. Шашасына шаң жұқтырмайтын 90 жүйрік ауыздықпен алысып 51 шақырымды бағындыруға сақадай сай тұр. 15 мыңға жуық қиқулайтын ұлттық спорттың жанашырлары өзара бәстесіп, мерекенің көркін қыздырса, ат сыншылары қай тұлпардың топ жарып, жүлделі орындарға ілігетінін болжауда. Киіз үйде ет асылып, қазан қайнап жатыр. Қысқасы нағыз қазақи той! Әнұран шырқалды. Ақсақал бата беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Еліміздің әр облысынан келген жүйріктер шаңғытып шаба жөнелді. 4 айналым. Ұйы…

4
0
2410