Мазмұнға өту
Batyrshayeva03

Batyrshayeva03

Сайтта 2021 ж. 1 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Ана тілі-ұлт басылымы

Бүгінгі мақаламызда қазақ тілінің мәртебелене түсуіне, ұлттың мұрат мүдделерінің жаршысы мен жоқшысына айналған Ана тілі газеті туралы жазатын боламыз. Газет 1990 жылдың 22 наурызынан бастап шығарыла бастады. Алғашқы жылдардан-ақ газет өзінің алдында шығып тұрған газеттердің орнын басатын беделді басылым болды. Ұлттың айшықты проблемаларын қозғайтын, тарихи «ақтаңдақтарды» қорықпай жариялайтын, салиқалы басылымдардың бірден-бірі болды. Ана тілінің : «Жергілікті ұйымдарда», «Құбыламызды түгелдейік», «Серке сөз», «Тәржімелік тәжірибелер», «Білгенге маржан», «Толғауы тоқсан туған тіл» деп аталатын айдарлары болды. Газеттің сол тұста берері мол болды. Аз ғана уақыттың ішінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына да газет зор ықпалын тигізді. Ахмет Байтұрсынов «Газет халықтың көзі, құлағы һ…

0
0
204

"Жұлдыз" журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі

Жұлдыз журналы – республикалық әдеби басылым болып табылады. Әдеби журналдың ішінде басқа басылымдардан ерекшеленетін қандай мақалалар, қандай айдарлар бар екен?-деген сұрақ бізде де туындады. Қолыма бірнеше санын алған соң, қалай қызығып, барлығын бітіріп тастағанымды өзімде аңғармай қалдым. Жалпы басылым проза, поэзия, жас толқын, түрік дүниесі, сырсандық, сөз сәулесі атты айдарларды қамтиды. Мен үшін басқа журналдардан ерекшелігі де осында болды. Журнал беттерін ашып отырып, өткеннің қызықты естеліктерін, қаламы жүйрік қаламгерлердің өлеңдерін оқып, сөзсіз шығармашылық шабыт аласың. Біз білетін ақындардың біз білмейтін сырлары да осы журналда сөз болған. Солардың бірі «Сырсандық» айдарындағы, Нұрлан Сәрсенбаевтың «Мұқағали күнделігіне зер салғанда...» мақаласы. Ақынның «Күнделік» атты…

0
0
327

Он үште отау иесі

Жаhандану дәуірі бүгінде. Интернеттің қыр-сырын жетік білетін жастар қауымының танысу,табысу әдісі де бөлек. Біздердің ата-әжелеріміз айтқандай жеңгелер арқылы танысу әлі де етек алып келеді дегеніміз артығырақ болады. Қазір кең байтақ даламыздың әр өңіріндегі жас буын бір-бірлерін әлеуметтік желі арқылы танып,қауышып,табысып жатады.Десек те, жақын арада Ақтаулық он үш жасар балалар отау құрып,елді дүр сілкіндірді. Естіген жұрт әлеуметтік желіде желдей ескен жаңалыққа жағасын ұстай қараса,кейбіреуі жарасып тұр деп жақтады. Бір-бірімен некелескені бір бөлек тұрсын, Заң тұрғысынан алып қарайтын болсақ Қазақстан республикасының неке және отбасы құқының оныншы бабында неке жасы 18 жас болып бекітілген.Неге екені белгісіз,белгісіз екі тараптың да ата-анасынан қарсылық болмаған. Он үштегі қызды…

0
0
155

Іштегі қорқынышты жеңу

Қазіргі таңда іштегі қорқыныш мәселесі көпшілікті толғандырып отырған, көп адамның басында болып жатқан мәселе.Яғни кез-келген істі бастамас бұрын, тіпті үлкен ортада сөз сөйлемес бұрын қазір айтқаным дұрыс болады ма?, айналамдағылар не ойлайды?, достарым күлмейді ме?, егер бұл істі бастасам қандай кедергілерге ұшыраймын: деген сұрақтар ішкі қорқынышқа алып келеді. Қорқыныш – бұл әрбір адамға тән шынайы сезім. Қорқыныш барлық адамда болатын сыртқы ортаға деген жауап. Дүниеге келгенде адамда қорқыныш сезімі болмайды. Өсе келе биіктіктен қорқу секілді қорқыныш түрлері пайда болады. Ересек өмірге аяқ басқанда сыртқы факторлардың әсерінен қорқыныштың түрлері көбейе түседі. Оларды жеңбесе, әрекетсіздікке ұшырау қауіпі бар.Қорқынышты қалай жеңуге болады?Бірінші әдіс. Just do it (ешнәрсеге қарам…

0
0
187

" Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні.

Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» мақаласы «Айқап» журналының екінші санында жарық көрген. Мақала сол заманда қызу талқыға түсіп, жұрт назарын өзіне аудартты. Тақырыбының өзі талайды толғандырған мақалада не жазылғанын талдай кетсек...Мақала басталысымен «Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпелейді» делінген. Негізгі ұлттың реніші патша үкіметіне болғандығы анық. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов «Мақаласымен патша үкіметін ақтап алғысы келді», «Өз ұлтына қарсы шықты» деген пікірлерде айтылған. Дегенмен, толық оқып шығып, саралай алған адам өз ойын өзгертер ма еді?, деген ойда қаласың.«Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес. Жер өзінікі болса, қазақ естектің істегенін істемейді деп кім айтар?!» Бұл сөздерден ащы шындық байқал…

0
0
267

"Айқап" пен "Қазақ" неге айтысқан?

«Айқап» пен «Қазақ». Екеуі де қазақ журналистикасының тарихында ойып тұрып орын алған, өз заманының шындығын айтып, әр оқырманның жүрегіне терең бойлай білген басылымдар. Редакторлары М.Сералин және А.Байтұрсынов. Екеуі де елі үшін еміренген, ұлт жанашырлары болған. Ал басылымдардың арасындағы айтыстар редакторлардың бір-біріне жұлдызының қайшы болғандығын білдірмейді. Бұл туралы көрнекті қалам қайраткері Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласында: «Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де түп мақсаттары бір еді», – деп жазуы дәлел.Газеттегі мақалаларға көз жүгіртсек екі газеттің бір-бірін қолдап отырғандықтарын да байқай аламыз. “…

0
0
213