Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ана тілі-ұлт басылымы

Бүгінгі мақаламызда қазақ тілінің мәртебелене түсуіне, ұлттың мұрат мүдделерінің жаршысы мен жоқшысына айналған Ана тілі газеті туралы жазатын боламыз. Газет 1990 жылдың 22 наурызынан бастап шығарыла бастады. Алғашқы жылдардан-ақ газет өзінің алдында шығып тұрған газеттердің орнын басатын беделді басылым болды. Ұлттың айшықты проблемаларын қозғайтын, тарихи «ақтаңдақтарды» қорықпай жариялайтын, салиқалы басылымдардың бірден-бірі болды. Ана тілінің : «Жергілікті ұйымдарда», «Құбыламызды түгелдейік», «Серке сөз», «Тәржімелік тәжірибелер», «Білгенге маржан», «Толғауы тоқсан туған тіл» деп аталатын айдарлары болды. Газеттің сол тұста берері мол болды. Аз ғана уақыттың ішінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына да газет зор ықпалын тигізді. Ахмет Байтұрсынов «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі» десе, ана тілі газеті осы айтылған талаптарға сай болды. Газетте бұрын ел ішінде көп журналистердің бірі болып жүрген Жұматай Сабыржановтың, Марат Қабанбаевтың, Сабыржан Шүкіровтердің қаламгерлік қабілеті жарқырай көрініп, шын таланты осы газетте анық байқалды. Газеттің алғашқы редакторы Жарылқап Бейсенбайұлы . Еңсесін енді тіктеген қазақ ұлтының рухын көтерін, патриоттық сезімді оятататын мақалалар жазуға көптеп күш салды. Редактор мен журналистердің шеберлігінің арқысында газеттің бірде бір саны ел ішінде оқылмай қалмайды екен. Осы күнге дейін газет редакторлары бірнеше рет ауысты. Редактор болып кім тағайындалмасын газет өз биігінен құлап, беделін жоғалтқан емес.

Газет беттерін парақтай отырып, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушылар одағының мүшесі Жеңіс Шыныбековтың газеттің «тарих» айдарына жариялаған «Бір ауылды аштықтан алып қалған академик» атты мақаласына көзім түсті. Мақаланың басы Сарысу ауылындағы елдің әр күн сайын той тойлайтынынан, ауылда ойын-сауықтың көптігінен басталады. Бір жылы осы думан көрген түстей ғайып болып, ашаршылық дендейді. «Барлық мал қыста жұтқа ұшырап, кейбір үйлерде тігерге тұяқ болмаған», деп келтіреді автор. Солайша аштықтан бұратылып, қақпанға түскен тышқанның етін жеп жүрген ауылға Қаныш Сәтбаев келеді. Есіктің алдында отырып, әр жерде жылтырап жатқан сары тастарға көзі түсіп, оның алтын екенін анықтайды. Солайша Қаныш Жездіге қайтып, бір аптадан соң ауылға он шақты қап ұн, күріш, аздаған ет, қант-шай беріп жіберіпті. Осыдан соң ел тамағы тойып, еңсесін көтерген деседі. Ауыл ақсақалдары «Қаныш ауылымызды жебеуші, құтқарушы періште болып келді», деп өлөлгенше риза болып, рақметін жаудырып өткен.

Бұл мақаланың қысқаша мазмұны. Дәл осы мақаланы алған себебім, күнделікті оқылып жүрген мақалаларға қарағанда тың дерек берді. Қаныш Сәтбаевты геолог ретінде білсек, мақаладан соң, бүтіндей бір ауылдың жанын аман сақтап қалған қаһарман екенін білдік. Жастарға ой саларлық, жомарттықты дәріптейтін, қара бастың қамын емес, елдің қамын ойлаған еріміздің адамгершілігін паш еткен, берері көп мақала болды.

Атауы «Ана тілі» болған соң, газеттегі «Тіл» айдары бізді қызықтырмай қоймады. Ішінде тіліміздің қаншалықты көркем екенін дәріптеп қана қойған, мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалын көтерген мақалаларды кездестірдік. Дәл осы айдардан, өзім күткен үміт ақтала қоймады. Басым бөлігі күнделікті айтылып жүрген, талқыланып жүрген тақырыптардан аса қоймағандай көрінді...

Тіл туралы көп мақаланың ішінен Нұрболат Абайұлының «Антқа адалдық тілден басталады» атты мақаласына тоқталып өткім келіп отыр. Автор «ант берген 65 депутаттың 8-і ресми тілде, 57-і мемлекеттік тілде сөйлеген. Мемлекеттік тілде ант бергендердің арасында 6-ы өзге ұлт өкілі. Ал ұлты қазақ депутаттардың ешқайсысы да ресми тілді пайдаланбады. Осы уақытқа дейін орыс тілінде сөйлеп жүрсе де, антты мемлекеттік тілде берді. 65 депутаттың 13-і ант мәтінін оқырда шатасқандай болды. Орыстілді қандастарымыз -ғ, -ң, -қ, -і секілді әріптерді дұрыс айта алмады. Керісінше ұлты өзге бола тұра мемлекеттік тілде сауатты сөйлеген Наталья Дементьева секілді депутатты өзгелерге үлгі етсек орынды» деп, қысқа қайырған.

Мұнда байқағаныңыздай тек бетін ғана көтеріп қойған. Расында ант қабылдау кезінде айналдырған төрт-бес ғана сөйлемнен тұратын антты еліміздің елеулілері мен халқымыздың қалаулылары айта алмай күлкіге қалған болатын. Халыққа адал қызмет етемін деп халықтың тілінде сөйлей алмай тұрған депутаттардың ісі біздерді біраз қынжылтты. Бұл туралы мақалада тарқатып біз күткендей тарқатып жазбапты...

Ана тілі-ұлт басылымы. Мұнда халқымыздың тарихында болған, өмірінде болып жатқан, айтулы шаралар мен елеулі оқиғалар жазылады. Газет бетән аша қалсаңыз сіз қалаған тақырып, сіз іздеген мақаланы міндетті түрде таба аласыз. Тек сол мақалаларды жазушы, халық пен билікті байланыстырушы журналистер газет басылып шыға бастаған жылдардағыдай батылырақ болса ғой дейсің...

0
0
205

Осы тақырып бойынша

Ана тілі-ұлт басылымы - Yvision.kz