ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

" Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні.

Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» мақаласы «Айқап» журналының екінші санында жарық көрген. Мақала сол заманда қызу талқыға түсіп, жұрт назарын өзіне аудартты. Тақырыбының өзі талайды толғандырған мақалада не жазылғанын талдай кетсек...

Мақала басталысымен «Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпелейді» делінген. Негізгі ұлттың реніші патша үкіметіне болғандығы анық. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов «Мақаласымен патша үкіметін ақтап алғысы келді», «Өз ұлтына қарсы шықты» деген пікірлерде айтылған. Дегенмен, толық оқып шығып, саралай алған адам өз ойын өзгертер ма еді?, деген ойда қаласың.

«Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес. Жер өзінікі болса, қазақ естектің істегенін істемейді деп кім айтар?!» Бұл сөздерден ащы шындық байқалады. Ал шындықтың қашанда адамға ұнай бермейтінін біз жақсы білеміз. Тағы мақаланы оқи келе ғылым, білімге ұмтылмайтын қазақ, күн шыққанша ұйқыдан оянбайтын қазақ надандықтан айрыла алмай жүргендігін айтады. Тым жақсы жерлерден айырылып жүргеніміз де, өзімізді өзіміз басқара алмай жүргенімізде, өзге ұлттар өркениетке ұмтылып жүргенде, өткенді қозғап, оған өкініп жүргеніміз де надандықтан деп көрсетеді. Осы қалыпта жүріп келер ұрпаққа қандай мұра қалдырамыз деген қынжылысын да білдіреді. Мақала жер, оқу-ағарту мәселелерін де айналып өтпейді. «Талап жоқ, үміт мол халықпыз»-деп, кесіп айтады. Аз ғана сөзге сол заманның ауыр шындығы,терең мағына сыйып жатыр... Мақала ғылымсыз, болашақтың жарқын болмайтындығына сендіреді. Әрекет түбі-әрқашан берекет. Бірақ, қазақта сол әрекеттің жоқтығы ең үлкен проблема делінеді. «...Ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін?! Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ.» Мақала дәл осылай нық сөздермен аяқталады.

Қазір де осы мәселенің шет жағасын күнделікті тіршілікте кездестіріп жүрміз. Апталдай азаматтарымыз «Жұмыс жоқ», «Бәрібір барлығы көке деумен шешіледі», деп, теледидар алдында өмірін өткізіп жатқандығы жасырын емес. Қит етсе, мемлекет жағдай жасамаған, билік басындағылар елдің күйін күйттемейді деп, бар кінәні өзгеден іздеп жатады. Біздің елімізде дәл қазіргі уақытта еңбек еткен адамға, барлық жағдай қарастырылған. Осы тұста тағы да, өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ!!!