Он үште отау иесі
Жаhандану дәуірі бүгінде. Интернеттің қыр-сырын жетік білетін жастар қауымының танысу,табысу әдісі де бөлек. Біздердің ата-әжелеріміз айтқандай жеңгелер арқылы танысу әлі де етек алып келеді дегеніміз артығырақ болады. Қазір кең байтақ даламыздың әр өңіріндегі жас буын бір-бірлерін әлеуметтік желі арқылы танып,қауышып,табысып жатады.
Десек те, жақын арада Ақтаулық он үш жасар балалар отау құрып,елді дүр сілкіндірді. Естіген жұрт әлеуметтік желіде желдей ескен жаңалыққа жағасын ұстай қараса,кейбіреуі жарасып тұр деп жақтады. Бір-бірімен некелескені бір бөлек тұрсын, Заң тұрғысынан алып қарайтын болсақ Қазақстан республикасының неке және отбасы құқының оныншы бабында неке жасы 18 жас болып бекітілген.
Неге екені белгісіз,белгісіз екі тараптың да ата-анасынан қарсылық болмаған. Он үштегі қызды келін етіп түсіргендер «Он үште отау иесі» деген мақалдың заманы өткенін сезінгісі келмеді ме екен? Адамдық болмыс тұрғысынан тұрғысынан қарайтын болсақ,он екіде бір гүлі ашылмаған қыздың тағдырына бұлай немқұрайлы қарауға болады ма? Заң бойынша екі тараптың да ата-анасы жауап беруге тиісті еді... Осыдан қандай ой түйюге болады?
Ең алдымен отбасындағы тәрбиеге аса мән берілмейтіндігін байқауға болады. Баланың не ойлап,немен шұғылданып жүргені екі тараптың ата-аналары жағынан ескерусіз қалған.
Екіншіден заман талабына сай,білімге,өзін жан-жақты дамытып жетілдіруге деген балалардың қызығушылығының аздығын көреміз. Он үшінде отбасы болғандар жеңіл әрі тиімді жолы осы деп тапса керек.
Әсілінде әркімнің пешенесіне әртүрлі тағдыр жазылады, біреулер бірін бірі құлай сүйіп, басқа бірі қу жалғыздықтан күйіп, өзгесі өмірдің бағасын ойына түйіп, бар намысты жиып,арзан күлкіні тиып, некелері заңды заңсыз қиып жатады. Ал бақыттың кілтін табу осылардың бәріне бірдей бұйыра қояма?Енді он ойланып,жүз толғанбай жасаған әрекеттің арты жастарды опындырмаса дейсің...
