Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Шыңғысхан мұрасы. 1 бөлім.

Авторы Радик Темірғалиев Кеңес Одағының құрамына кірген барлық халықтар тарихында көпке дейін Шыңғыс ханның тарихи рөлі біржақты ғана бағаланып келді. КСРО тарихы оқулықтарында бұған қатысты тараулар мен бөлімдер әдетте «Моңғол-татар бұғауына қарсы халықтарымыздың күресі» деп аталатын. Тарих ғылымында Кеңес өкіметінің құрамына кіретін елдердің моңғолдар бағындыра алмаған, Батыс Еуропадан артта қалуының басты себебі ретінде сол «бұғау» саналатын. Бірақ бұл концепция әрқашан қазақ халқының тарихи зердесімен байланыса қоймайтын. Кейіпкерлері ерлік жасап, Қырымды шарлап, Қазанды қорғады деп жырлаған қазақ эпосында керемет өлке Ұлық Ұлыс (Ноғайлы) елі жайында айтылады, - бұл кеңестік оқулықтар жамандаған Алтын орда болатын. Көз көргендердің айтуы бойынша XIX ғасырда күшті көшпелі империяның құ…

5
5
2746

Ақжан Абдалиева: ''Стереотиптерді ирониямен көрсетуге тырысамын''

Ақжан Абдалиева елімізде ғана емес, Еуропаның көптеген елдеріне танылған суретші. Швейцария мен Германия галереяларын дүркіреткен қандасымыз өз Отанында биылғы күзде «Жетінші сезім» атты көрмесін де өткізді. Көрменің қаншалықты сәтті өткенін, Ақжанның болашақтағы жоспарлары мен жалпы өнер жайлы толғанысын біліп көрелік. - Ақжан, көрмеңіз қалай өтті? - Көрмем, менің ойымша, өте тамаша өтті. Біз шақыру билеттермен келген қонақтарға сыйлықтар тараттық. 1500 адамдай келді. Ұйымдастырушылармен кішігірім мереке жасадық десем де болады. Осыншама көп адам келеді деп ойламаған едім. - Кішкентайыңыздан суретші болғыңыз келді ме? - Иә. Менің неге суретші болғым келгенін білесіз бе? Кішкентайымда жиі ауылға әжеме баратынмын. Сонда ауылда үйір-үйір жылқылар мен құлындарға қызығып, олардың суретін салғ…

Күзгі кино ондығы

Кардиограмма Күз пейзажы мен мотиві бар қазақстандық киноның бірі - Дәрежан Өмірбаевтың 1995 жылы жарыққа шыққан «Кардиограмма» атты психологиялық мелодрамасы. Жасұлан - ауыл баласы, анасы оны қалалық санаторийге емделуге әкеледі. Сонда бірінші рет ата-анасыз, үйреншікті ортадан алыстаған Жасұлан бір ауыз қазақша білмейтін қала балаларын танып, ауылынан бөлек өзгеше әлем тынысымен танысады. Бала жанының нәзіктігі мен сезімталдығын жеткізе білген бұл фильм Италия, Франция, Сингапур елдерінде марапатқа ие болған. Тәтті қараша (Sweet november/2001) Жарнама агенты, еңбекқор, өмірде жұмысты бірінші орынға қоятын жігіт Нельсон Мосс елден ерекше, әдемі, философияға жақын Сара Дивермен танысады. Уақыт өте келе Сара Нельсонның өмірін күрт өзгертіп жібереді және де оның нағыз махаббатына айналады,…

4
7
2556

Қазақ блогшыларымен әңгіме

Қазақ блогосферасы — өзіндік стилі, тілі, өмірлік көзқарасына ие ерекше әлем. Себебі әр қазақ блогшысы ана тіліне, салт-дәстүріне, тарихына, өнеріне деген құрметінен пайда болған толғанысын өз электронды жазбаларына көшіруге тырысады. Бірақ көпшілікке үйреншікті түрде емес, жаңаша, қызықты, әрі заманымызға сай. Бірі әлеуметтік тақырыпты қозғаса, екіншісі әдебиет, тағы біреуі қолөнер мен кино өнерін талқылайды. Бүгін қазақ блогосферасына танылып үлгерген қыз-жігіттер өзінің блог-тәжірибесімен, ой-толғаныстарымен бөліспек. Анар - Ақзере Блогымды 2007-жылдың қараша айынан бастап жүргізіп келемін. Ең алғашында wordpress тұғырынан ашқанмын, алайда, соңғы кездері тұғырнаманы блоктау сынды орын алып жатқан ақауларға байланысты блогымды dosym.kz-ке ауыстырдым. Жалпы блог бастауыма келетін болсам,…

Openway-2012 немесе жас дизайнерлер тынысы қандай?

27-қыркүйекте қаламыздың жүрегі — «Қазақстан» қонақ үйінде осымен екінші рет өткізіліп отырған жас дизайнерлер байқауы «Openway-2012» өтті. Осы жылы ұйымдастырушылар шараға өзге қалалар мен елдерді де тартыпты. Мысалы, Алматыдан өзге Ақтау, Астана, Қарағанды, Омск қалаларынан келген дизайнерлер болды. Бұл байқауда "Екпін" оқырмандарына таныс болып үлгерген алматылық жас дизайнер Зарина да бақ сынап көрді. Ал жас буынның жұмыстарына еліміздің кәнігі дизайнерлері: Салта, Лария, Алексей Чжен мен фэшн фотограф Ян Рэй, "Мини", "Сырласу" сынды журналдардың редакторлары баға берді. "Көрермендер көзайымы" номинациясы да тағайындалып, оны көрермендердің дауысы арқылы шешті. Сонымен байқау басталып, сахнаға он алты қатысушы мен қазылар алқасы таныстырылды. Таныстырудан кейін қатысушылар жұмыстарын…

9
2
3125

Мәңгілік көктем аралы

27 қыркүйек - Халықаралық туризм күні. Туризмге қатысы бар барша оқырмандарымызды осы датамен құттықтай отырып, журналисіміз Айжан Кәрібаевамен бірге Канар аралдарына саяхаттап келуге шақырамыз. Канар аралдары 7 аралдан тұрады. Туристердің ең көп таралған жерлері: Тенерифе, Гран Канариа аралдары. Тенерифе аралына Барселонадан ішкі рейстермен ұшып баруға болады. Солай арзан да. Бірақ ішкі рейстерде қатаң тәртіп, өзіңмен 1 грамм артық жүк алуға болмайды:) 1-2 сағаттық ұшудан кейін, "миллионерлер аралы" аталатын Тенерифедеміз. Аэропорттан Тенерифедегі көлемі бойынша 6-шы болып табылатын Пуэрто де-ла Круз қаласына дейін автобуспен тағы да жарты сағаттай жүріп, экзотикалық қаламызға жеттік. Мұнда, әрине, туристер үшін бәрі жасалған: қонақ үйлер мен сувенир дүкендері көп, тамақ ішетін кафе/рест…

9
8
2097

22-қыркүйек — Тілдер күні

1989 жылы қыркүйектің 22-күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Ол заңда сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бүгінгі күні қазақ жастары үшін екі тілді меңгеру аздық етеді, заманауи білім алу, жаңа қызметке тұру немесе шетелдерді аралау үшін ағылшын, француз, неміс, қытай, араб, түрік тілдерін оқытатын түрлі курстар, клуб-үйірмелер баршылық. Қазақ жастары арасынан белсенді, білімге ұмтылған кейіпкерлеріміз шет тілін қалай меңгергені туралы әңгімелеп, жеке тәжірибесімен бөлісті. Алайда, әңгімені ана тілімізден бастасақ... Максим Рожин, журналист, 28 жаста: Мен Алматы облысындағы Қаскелең қаласында туылғанмын. Алты жасқа толғанда отбасымызбен Оңтүстік Қазақстандағы Арыс қаласына көшіп келдік. Қазақ тілін еркін…

«Қызметінің мәні — ұлт мүддесі»

Өткен аптадан бастап отандық БАҚ өкілдері төл мерекелерін тойлауда. Осы датаға орай «Екпін» журналының тілшілері еліміздің радио, телевизия және газетте қызмет атқарып жүрген жас мамандар мен тәжірибесі бар белді журналистеріне бірнеше сауалын қойған еді. Бүгінгі отандық журналистика мен журналистердің кемшіліктерін атай аласыз ба? Еліміздің журналистикасында 10-15 жыл ішінде не өзгеріс бар? Жас әріптестеріңізге нендей кеңес бере аласыз? Жұлдыз Әбділда, журналист: Журналистика мен журналистердің кемшілігі заманауи талаптарға сай емес, кәсіби біліктілік төмен. Он, он бес жылғымен салыстыра алмайтын шығармыз, ол кезде талап басқаша болған. Журналистика азаматтық позиция секілді болған, ал қазіргі талап басқа. Журналистің міндеті - өзінің ойын, пікірін көпке таңу емес, объективті материал да…

12
6
2809

Франция інжу-маржандары Алматыда

5 маусым күні «Екпін» журналының тілшілері 8 маусым мен 5 тамыз аралығында өтетін «Франция інжу-маржандары — Франция өнері мен мәдениеті қайта өрлеу дәуірінен бүгінгі күнге дейін» атты көрмеге алғашқылардың бірі болып барып келген еді. Көрменің ресми емес ашылуы Әбілхан Қастеев атындағы музейде өткен болатын. Мұражайға бірінші болып келген көрерменді Аяччо қаласындағы Феш сарайы — Көркемөнер мұражайының директоры, әрі осы көрмені ұйымдастыруға көп еңбегі сіңген Филипп Костаманья қарсы алып, таңғажайып өнер әлеміне экскурсия жасады. Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты дамыту аясында өткізіліп отырған бұл көрме Қайта өрлеу дәуірінен қазіргі күнге дейінгі француз көркемөнерінің жемісі болып табылатын туындылармен таныстырады. Филипп Костаманья : «Бұл көрмені Қазақстанға алып к…

Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)

«Кескіндеме поэзияға жақындай түсуде, өйткені фотография оны тарихты баяндау міндетінен босатты» Жорж Брак 12-сәуір мен 20-мамыр аралығында Астана қаласының әкімшілігі мен Қазақстанның Франция елшілігінің қолдауымен «Тәуелсіздік сарайында» Мишель Кастанье, Жозеф Чой, Анн Шарлотт Финель, Эрве Ик, Сәуле Сүлейменова, Ғалым Маданов, т.б. әлем елдерінің көптеген суретшілері қатысқан «Ультражад» көрмесі болып өтті. Көрме кескіндеме мен фотосурет арқылы тарихтың байланысын көрсетуге тырысты. Негізгі жұмыстар фото-, видео- технологияларын қолдану арқылы жасалынған. Енді көрмеге қысқаша фотосаяхат жасап көрейік. Мынау париждік фотограф Наталия Ляхтың суреттері. Ол күнделікті өмірімізден тыс аспектілердің мәнін ашады. Оның көркем көзқарасы оптик, физик немесе психоаналитикке ұқсас: фото немесе виде…

9
2
2125