Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы датаға байланысты «Екпін» журналы журналист, әрі Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші Мейрамхан Сағынқызын әңгімеге тартып, бүгінгі жастар біле бермейтін тарихи оқиғалармен танысуды жөн көрді. — Бүгінгі таңда еліміз осы датаны қаншалықты маңызды деп санайды? — Биылғы 31 мамыр Қазақстан үшін ерекше аталынып өтетін қаралы дата. Бұл жылы ашаршылық оқиғаларының болғандығына 80 жыл, саяси қуғын-сүргіннің, жалпы репрессияның болғандығына 75 жыл толып отыр. 31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған. Бүгін Астанада арнайы үлкен ескерткіш ашылып, мұражай жұмысын бастайын деп жатыр. Кезінде қуғын-сүргін құрбандары тұрақтаған Қарағанды, Ақмола облысыны…

15
9
10579

IIІ ArtBatFest заманауи өнер Фестивалі басталды

25 мамырда Алматы қаласында IIІ ArtBatFest заманауи өнер Фестивалі басталды. Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан фестивальдің тақырыбы — «2012: Жарық дүниенің басталуы». Ол түрлі жанрдағы ауқымды да әртарапты көркем туындыларды экспозиция алаңшаларына шоғырландыру, заманауи өнер шеберлерінің пессимистік, күңгірт дүниетанымға оптимистік, ашық образдарды қарсы қоюға деген ынта-жігерін біріктіру арқылы «Бізді жарқын болашақ күтіп тұр және әрқайсысымыз үшін ол бүгін басталады» деген энергетикалық, әрі мағыналық пайымдау шығарады. Бұл Фестивальдің басты идеясы болып табылады. Бірінші ArtBatFest 2010 жылы бизнесмен, суретші мен өнер қайраткерлерінен құралған бастамашылар тобымен ұйымдастырылған еді. 2011 жылы Фестиваль халықаралық деңгейге көтеріліп, Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстан мен Израильде…

12
0
1599

Балалық шағымның кемесі

25 мамыр күні әр мектепте соңғы қоңырау соғылып, оқушылармен қош айтысады, біреуімен күзге дейін, ал біреуімен мәңгілікке. #13 мектебінің түлектері біздің фотоматериалға қатысып, алдағы сынақтары мен өмірлік мақсаттарымен бөлісті. Әзият Бейжүменова, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының үздік мұғалімі, жұмыс өтілімі 42 жыл. - Қырық екі жылдың ішінде 12-13 жыл ғана сынып жетекші болмаған шығармын. Осы уақытқа дейін бірнеше сыныпты шығардым. Жылда әр сыныптың, әр оқушының өзіндік орны, өзіндік ерекшеліктері болады. Олардың барлығын сағынасың, кездесулер ұйымдастырғанда шақырады, барып тұрамын. Ал алысқа кеткендері өздері іздеп келеді. Мұғалімін іздеп келіп тұрған шәкіртті көрсек, көңіліміз бір жадырап қалады. - Биылғы оқушыларыңыздың ҰБТ-ға дайындығы қала…

Мұражайдағы түн, немесе біз неге осындаймыз

18 мамыр — Халықаралық мұрайжалар күні. Осы мерекеге орай 1997 жылы Германияда Мұражайлар түні атты шара пайда болды. Шараның мақсаты — көрерменді мұражайға тарту, жастар арасында мәдениетті насихаттау, мұражайлар күндіз ғана жұмыс жасайды, түнде клубқа баруға тура келеді деген сылтауға қарсы тұру. Кешке қарай мейрамхана немесе киноның орнына мұражайдағы жәдігерлерді көріп қайту, шынымен де, романтикалық сезімдерді тудырады... Тудыруы керек... Алайда, бұл мұражайдың басшылығы мен мамандарына тікелей байланысты шаруа. 2006 жылдан бастап Алматы қаласында орналасқан ҚР Мемлекеттік орталық музей «Музей түні» акциясын өткізіп тұрады екен. Жалпы біздің орталық мұражайдың бір ерекшелігі бар — көрме өтіп жатыр дегенді естіп, жетіп барсаң, мекеменің табалдырығын аттағаның үшін міндетті түрде ~100…

12
8
3336

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

«7-ші мамыр Отан қорғаушылар күні — бұдан былай мемлекеттік мереке ретінде аталып өтпек», — деп хабарлайды еліміздің БАҚ-тары. Қыздар қауымы болса, бұл мерекені «жігіттерді құттықтайтын күн» деп белгілеп, 23 ақпанды ұмыттырып жіберді. Биылғы 7 мамырдың маңыздылығын сезіну үшін «Екпін» журналының тілшілері Алматы қаласына қарасты әскери бөлімге аттануды жөн көрді. 1 сағатқа жетер-жетпес уақытта еліміздің Аэроұтқыр әскери бөліміне жетіп, сарбаздардың тыныс-тіршілігін, әскери адамдардың өмірімен танысып қайтқан болатын. Дамир Жанбосынов, 25 жаста, аға сержант.Дамир Жамбыл облысы, Тараз қаласынан. Әскерге келгенге дейін Тараз Мемлекеттік университетінде білім алған. 2009 жылы әскерге келіп, борышын өтеп болғаннан соң 2010 жылдан бастап өмір жолын осы әскери салаға арнаған. - Әскерге не үшін к…

HackDay — идеяны өмірге әкелу

28-29 сәуір күндері Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 800-ден астам адам HackDay-ге жиналды. Онда кез келген адамға шығармашылық идеясын жүзеге асыруға, өз білімімен бөліскісі келген мамандардың мастер-класын тыңдауға мүмкіндік берілді. 2011 жылы аталған шара екі секция бойынша өтсе, биыл үш секцияда өткізілді: IT, Контент және медиа, Кино мен видео. Шараның форматы Yahoo! компаниясымен құрылып, әлем бойынша 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. HackDay-дың жаһандық мақсаты – стартаптарды дамыту. Шараға қатысушылардың дені – бағдарлама әзірлеушілер, жарнама саласының мамандары, дизайнерлер, блоггерлер мен журналистер, студенттер, оқушылар. Шыныбеков Дамир Абдухалиұлы, Халықаралық IT университеттің ректоры: Қазақстанда HackDay екінші жылы өткізіліп отыр. Егер был…

10
7
2547

23 сәуір — Халықаралық кітап күні

Бүгінгі мерекеге орай «Екпін» журналы оқырмандарына: «қандай кітап оқып жүрсіз?» — деген сауалды қойған болатын. Жауаптары төмендегідей. Мейрамхан Жәпек, журналист «Әсет шығармалары» Ең соңғы оқыған кітабым - 1999 жылы Қытайда жарық көрген Әсет Найманбаевтың шығармалар жинағы. Бұл кітап Қазақстанда 1988 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан еді, бірақ осы жинақтағы шығармалар толық емес еді. Әсет Найманбаев өмірінің соңғы жылдарын Қытайда қуғыншылықта, жоқшылықта өткізді. Сол кезде жазған дүниелері қағазға түскен екен. Үрімжідегі «Ұлттар баспасының» қазақ редакциясынан Ермек Керімбайұлы деген азамат барлық шығармаларын жинақтап, «Әсет шығармалары» деген атпен кітап етіп шығарған. Бұл кітаптың Қытайда шыққан нұсқасы менің қолыма кездейсоқ түсті. Қарағандының облыстық газет редакторы Мағауия Семб…

Махаббатты жырлаған суреттер

Ғашықтар күні қарсанында әлемнің талантты суретшілерінің махаббат тақырыбындағы туындыларымен бөліскіміз келеді. «Көктем» (итал. Primavera). Боттичелли. (1477-1478 жж). Бұл шығарманың басты кейіпкері – масаты кілемдей құлпырған, жұпар иісі аңқыған тамаша табиғат, көңілге түрлі ой салатын, адам сезіміне ғаламат әсер ететін мұңды көріністер. Дәл ортада махаббат құдайы – Венера, маңында қошамет еткен нөкерлері: Меркурий, Хлорис, Зефир, Флора. «Табиғаттан тыс болмыс жоқ. Адам және табиғат біртұтас» деген бұл теңдесі жоқ шығарма философиялық ой туғызады. «Венераның туылуы» (итал. Nascita di Venere). Боттичелли. (1482-1486 жж). «Венераның туылуы» атты туындыға дүниежүзілік көркемөнерде идеялық, көркемдік мәні жағынан пара-пар келетін дүниелер санаулы ғана. Грек мифологиясында Венера – сұлулық,…

12
8
9106

“Сенсация” жасағандар

1 сәуір күнтізбеде қызылмен белгіленбесе де, жыл сайын дәл осы күні әлемнің көптеген елдерінде адамдар бір күліп алуға қарсы емес. Күлкі күніне арнап “Екпін” журналы көңілді жастардың басын қосып отырған КВН ойынының «Сенсация» атты жарқын командасынан алған сұхбатын ұсынып отыр. «Сенсация» жақында Сочидегі ойында жоғарғы рейтингке ие болып, сенсация жасады. Біз олардың Астанада өткен Қазақстанның Жоғарғы Лигасына дайындықтарының үстіне түстік. - Алдымен сендерді Сочиде өткен сәтті ойындарыңмен құттықтаймыз. Бірінші сұрақ: команданың аты «Сенсация» екен, неге? Дастан (команда капитаны): - Команданың ең алғашқы атауы – «Парламент» болатын. «Парламент» осындағы Ардақ, Дәулет, Руслан деген жігіттердің басын қосып, жалпы бәрінің де бастауы болды. Бірақ кейіннен бұл атау бізге ұнамады. Сосын б…

6
9
3941

Блог Құрылтай 2012. Басты ерекшеліктер.

Өткен аптада Астана қаласында қазақ блогшылары бастаған екінші Блог Құрылтай дүркіреп өтті. Шараға отандық блогосферамыздың майталмандары, жаңа жұлдыздары, танымал комментшілері мен блог бастаймын деген ниетпен келушілер жиналып, тәжірибесімен бөлісіп, танысып, пікір алмасқан болатын. "Екпін" жобасы да шараға қатысып, биылғы BlogCamp-тың мақсаты, ерекшелігі неде екенін білді. Дінмұхамед Зиядин, Алматы: Жалпы бұл BlogCamp-ты мен BarCamp деп қабылдап жүрмін. Себебі мазмұндық жағынан болсын, тақырыптық жағынан болсын, бір жыл бұрынғы шарамен салыстырғанда өзгерістер бар. Өткен жылы презентациялардың көбі блогтарға, блог жүргізуге арналған болса, осы жолы презентациялар тақтасына қарап тұрсаңыз, көбіне сайттарды, белгілі бір жобаларды таныстыруға арналған. Өткен уақытқа қарағанда кәсіби тұрғы…

5
6
2407