Қазақстанның электрондық үкіметімен 100 миллион қызмет көрсетілді
Электрондық үкіметпен қазақстандықтарға көрсетілген қызметтер саны 100 миллионға жетті. Сонымен қатар осы жылдың алты айы ішінде 19 миллионнан астам қызмет көрсетілді, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм. Басқаша айтқанда, электронды үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн…