Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Е.Досаев: 2015 жылы ҚР-да су және жылу құбырларының 266 км желісі салынады

2015 жылы жылы ҚР-да су және жылу құбырларының 266 км желісі қайта салынып, 14 бірлік қазандық жөнделеді, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жалпыұлттық телекөпір барысында.

«Жылу және су құбырларының желісін ескіруден сақтау мақсатында  Ұлттық қор 2015 жылы 60 млрд теңге, 2016 жылы 90 млрд теңге қарыстырып отыр. Осы жылы 96 әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылуда», - деді министр.

Е.Досаевтың айтуынша, осы жылы ғана 266,3 км жылу және су құбырының желісі салынады, және 14 бірлік қазандық орнатылады.

«Бұл  жүйелердің ескіруін 67 пайыздан 65 пайызға дейін қысқартады, 2015 жылы жұмыстың сапасы мен өміршеңдігін соза түседі.  2,5 мың тұрғын үй тұрғындарпына қызмет көрсетеді», - деді ол.

Сондай-ақ, ЕҚДБ мен 95 млн доллар көлемінде келісім орнатылды. Ол Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент қалаларында комунналдық инфрақұрылым  желісін жаңғыртуға бағытталған.

«Кәсіпкерлерді жеңілдетілген жүйемен қаржыландыру мен шағын қаржы ұйымдарының (ШҚҰ) несиелік желілерін іске асыру 2015 жылы 8 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, өндім өндіру көлемін 220 млрд теңгеден асыруға мүмкіндік береді»,-деді министр.

Шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиемен қаржыландыру аясында 2014-2015 жылдар аралығында Ұлттық қордан 300 милрд теңге бөлінді. 2015 жылдың 26-маусымы бойынша бөлінген 300 млрд теңгенің 190,4 млрд теңгесі, яғни 63 пайызы игерілді, 874 жоба қаржыландырылды.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында  бағдарламада қайта өңдеу өнеркәсібі секторындағы кәсіпкерлік субъектілерін 2015 жылы 100 млрд теңгеге, шағын және орта бизнес салаларындағы жобаларды кейінірек те қаржыландыру үшін 155 млрд теңге көлемінде шағын қаржы ұйымдарының несиелік қажрыларын тарту көзделген.

«Бүгінгі таңда жеңілдетілген несиелеу аясында 25,4 миллиард теңгеге кәсіпкерлердің 129 жобасы қаржыландырылған. Екінші деңгейлі банктер 32,1 млрд теңгенің 97 жобасын мақұлдады»,-деді министр.

Е. Досаев хабарлағандай, 2015 жылы Ұлттық қор есебінен  жергілікті атқарушы органдарға 240 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін 30 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Тұрғын үйлердің құрылысы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қамтамасыз ету бойынша жүргізілуде.

Сонымен,  2015 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту үшін 42,7 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан  17,5 млрд  теңге бөлінді.

«Аталмыш қомақты қаржыға 170 жобаны жүзеге асяру басталды, оның ішінде 66 жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда», - деді Досаев.

Ақпарат көзі

 

0
0
363

Осы тақырып бойынша

Е.Досаев: 2015 жылы ҚР-да су және жылу құбырларының 266 км желісі салынады - Yvision.kz