Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Р. Сарсембаева: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға итермелейді

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі отандық бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға, олардың талабы және қызығушылықтарымен есептесуге итермелейді, деп мәлімдеді Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті, әлеуметтік ғылымдар докторы Раушан Сарсембаева. «Қазақстанның ДСҰ-ға енуі тарихи маңызды оқиға. Ол бізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуімізге жақындадатын қадамдардың бірі. Біз оған 19 жыл дайындалдық, біз аграрлық саладағы өз позициямызды ұстап қала білдік. Әрине бұл тым ұзақ шығар, алайда біз келіссөздер барысында өз мүддемізді қорғай білдік», – деді Р. Сарсембаева. Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы президентінің пайымынша Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі отандық бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға, олардың талабы және қызығушылы…

0
0
762

ИИДМБ: Қостанай облысының индустрияландыру картасында 7,3 мың жұмыс орнын ұсынатын 87 жоба жүзеге асырылуда

Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Әсет Исекешев Қостанай облысының кәсіпорындарын тамашалады, деп хабарлады ҚР ИДМ. Министр бірқатар кәсіпорындарды аралады. Жұмыс тобының алғашқы соққан нысаны «Евраз Каспиан Сталь» арматуралық зауыты ЖШС-гі болды. «Құны $131 млн. жобаның 70%-ын «Қазақстанның даму банкі» АҚ қаржыландырған. Өткен жылы 93 мың өнім шығарылған болатын. Ахуалдың аса қолайсыздығына қарамастан бұл кәсіпорын биыл өз қуатын жылына 365 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Зауыт ең алдымен Қазақстанның ішкі нарығына бейімделген. Өнімнің қалған бөлігін Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарланған. Қазіргі таңда кәсіпорында 250 жұмыс орыны әзір. Министр сонымен бірге «Баян сұлу» тәтті тағамдар шығаратын фабрикаға да соғып, аралады. Кәсіпорын қазір Ресейге э…

0
0
554

Ел басының атына туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтаулар әлі де толастар емес

Қазақстан Президенті атына халықаралық ұйымдар басшыларынан, еліміздің және шет елдердің зиялы қауым, саяси, ғылыми орта өкілдерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсуде, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Р.Гасанов бүкіл түркі елдері үшін Қазақстан үздік үлгі және мақтаныш болып саналатынын атап өткен. «Түркі елдері Сіздің тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің бірлігі мен дамуын қамтамасыз етудегі көшбасшылығыңызды мойындайды», – делінген жеделхатта. Өз кезегінде Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Я.Омероглу мыңжылдықтар тоғысындағы қиын жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан болашаққа батыл қадамдар жасап, жоғары экономикалық және саяси мәртебеге жеткенін, сондай-ақ әлем елде…

0
0
535

Әділбек Жақсыбеков: Елордада білім деңгейі жылдан жылға артып келеді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша өз білімдерін дәлелдеген елорданың 111 түлегіне «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстау сәтінде Әділбек Жақсыбеков: Елордада білім деңгейі жылдан жылға артып келеді,-деді. Дәстүрлі «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстау рәсіміне ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты. Әкім кешегі мектеп оқушыларын атаулы күнмен құттықтап, білімдерін растайтын алғашқы құжатты алуларымен құттықтады. Қала басшысы, сондай-ақ, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің саны 84-тен 111 түлекке дейін артқанын атап өтті. Ә. Жақсыбеков жылдар бойы оқушыларды кәсіби түрде дайындап тәрбиелеген ата-аналар мен мұғалімдерге алғыс білдірді. «Елордада білім деңгейі жылдан…

0
0
331

Қазақстанда ең үздік әлеуметтік жобалар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы «Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Бұл конкурс республикада үш жыл бойы өткізіліп жатыр. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады. Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссиялар құрылған, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері, әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын…

0
0
508

А.Мұсақожаева: Астанада Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің бренді

Астанада дәстүрлі музыка бойынша 43-ші Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің брендингі, деді Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Айман Мұсақожаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «Мұндай іргелі іс-шараны ұйымдастыру елдің бриндингі деуге болады. Осыған байланысты біз бүгін мәдени саясат елдің идеологиялық және саяси-мәдени тұрақтылығының ажырамас бөлігі деп нық сеніммен айта аламыз. Жаһандану дәуірінде еуразиялық контингенттің мәдениетінің дамуы өзге емес бізбен байланысты дегім келеді»,-деді А.Мұсақожаева. ҚазҰӨУ ректорының айтуынша, аталмыш конференция барысында түрлі материалдар мен оқулықтар, жинақтар дайындалады және олар кейін дәстүрлі музыканы дамытуға ықпал етеді. «Бір апта бойына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия,…

0
0
285

Арал ауданында кальциленген сода шығаратын зауыт ашылады

Бұл туралы Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессиясында айтылды. Былтыр «АралТұз» кәсіпорнындағы ас және техникалық тұз өндірісі толықтай жаңартылып, осының нәтижесінде тек алғашқы 6 айда ғана өнім шығару 20 пайызға ұлғайды. «Арал ауданында кальциленген сода шығаратын зауыт құрылысын салу жөнінде шешім қабылданды. «Бәйтерек» Холдингі жалпы құны 200-250 млн. АҚШ долларын құрайтын аталған жобаны қаржыландыруға дайын. Қазір осыған байланысты қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында құрама жем, күріш өңдеу және керамикалық кірпіш зауыттарының құрылысы аяқталды. Былтыр Жалағаш және Шиелі аудандарында іске қосылған қызыл мия тамырын өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр. Жыл аяғына дейін сэндвич панель, күйдірілген кірпіш, жар…

0
0
651

ШҚО-да «Бизнестің жол картасы -2020» белсенді жүзеге асуда

Шемонаиха және Жарма аудандарында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы. Осылайша, Шемонаиха ауданында бағдарламаны жүзеге асыру екі бағытта жүріп жатыр. Бірінші «Жаңа бизнес-бастамашыларды қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банк 145 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен құрылғыларын сатып алу жөніндегі «Защита Уба» ЖШС жобасын қолдады. Сонымен қатар, шығыстың тәтті тағамдарын дайындау мен клиника-диагностикалық орталықты кеңейту сияқты өзге де жобалар қаралуда. Екінші, «Кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау шараларын көрсету» бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне қысқамерзімді оқыту үшін көшпелі мектептер ұйымдастырылды. Осы жүйе бойынша білім алған 37 адам сертификат алды. 2015 жылдың басынан бастап, ШҚО Кәсіпкерлер…

0
0
595

Ақтөбелік БЖСП үшін жаңа ғимарат салынды

Ақтөбе қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы. Балалар жасөспірімдер спорт мектебі Қарғалы селосында 1980-1981 оқу жылының 1 қыркүйегінде Сатпаев көшесі № 81 жылы тұрғын үйдің қалыптастырылған бөлімшесінде өз жұмысын бастаған. Осы уақыт аралығында мектебімізде бірнеше спортшылар дайындалып шығарылды. Жасөспірімдік спорттық разряд – 503, соның ішінде грек-рим күресі бойынша-218, самбо-246, жеңіл атлетика-72, еркін күрес-20, қазақша күрес – 47. І спорттық разряд -81, соның ішінде грек-рим күресі бойынша-53, самбо-18, жеңіл атлетика-7, еркін күрес -3. СШҮ( спорт шеберіне үміткер) – 168, соның ішінде грек-рим күресі бойынша-94, самбо-56, жеңіл атлетика-4, еркін күрес-14. СШ(спорт шеб…

0
0
502

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 23 жылдығын тойлауда

Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 23 жыл толуына орай ҰҚК Орталық аппаратында жеке құрамның салтанатты сап түзеу рәсімі өткізілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК. 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық арнаулы қызмет – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін құру туралы жарлыққа қол қойған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары – ҚР Президентіне тікелей бағынышты , сондай-ақ, есеп беруші арнайы органдары, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамалық бөлігі болып табылады және оларға берілген құзырет шегінде тұлғалар мен қоғамның, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастылығын,мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаушылық потенциалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Қазақстан Респуб…

0
0
843