Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 23 жылдығын тойлауда

Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 23 жыл толуына орай ҰҚК Орталық аппаратында жеке құрамның салтанатты сап түзеу рәсімі өткізілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК.

1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық арнаулы қызмет – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін құру туралы жарлыққа қол қойған.

ҚР  Ұлттық қауіпсіздік органдары – ҚР   Президентіне тікелей бағынышты , сондай-ақ,  есеп беруші арнайы органдары, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамалық бөлігі болып табылады және оларға берілген құзырет шегінде тұлғалар мен қоғамның, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастылығын,мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаушылық потенциалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесінің біріңғай жүйесін  Қазақсатан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына департаменттер және басқа құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңыздылығы бар қалалар және Республиканың астанасы және оларға бағынысты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекера қызметі, арнайы тағайындаудың бөлiмшелерi, оқу орындары, ғылыми-зерттеулік мекендері және басқа да ұйымдары құрайды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары міндетіне заңды бақылау, барлық азаматтардың заң алдында тең  болуын қадағалау, азаматтардың бостандығы және құқықтарын сақтау мен құрметтеу, қоғамдық бірлескен ұйымдар мен саяси партиялардың қызметінен тәуелсіз қағидаларды ұстану жатады.

ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  және мемлекет басшылығының үнемі білдіретін ықыласы мен қолдауының арқасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы кезең аралығында мемлекет мүддесі мен өңірлік қауіпсіздік негіздері шебін нық қорғайтын заманға лайық, тиімді арнаулы қызметке айналғандығын баса айтты.

Сондай-ақ қазіргі күрделі жағдайда ҰҚК органдары алдында Елбасы жариялаған институционалдық реформаларды жүзеге асыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды міндеттер тұрғандығын жеткізді.

ҰҚК Төрағасы ардагерлер мен құрметті қонақтар алдында арнаулы қызметтің ең үздік қызметшілері мен озат әскери қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттады.   Салтанатты іс-шара ҰҚК туын көтеру және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен әнұранын орындау рәсімімен   аяқталды.

Ақпарат көзі

0
0
839

Осы тақырып бойынша