Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Қазақстандық делегация Хельсинкиде ЕҚЫҰ 40-жылдығына өткізілген іс-шараға қатысты

Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысына бастау берген, осыдан 40 жыл бұрын Хельсинкілік қорытынды актісіне қол қойылған «Финляндия Холл» тарихи конгресс сарайында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегация өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылшын. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады. ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеле…

0
0
715

ҚР Президенті ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық үрдісінің қатысушыларын тиімді әрі бірлесе жұмыс істеуге шақырды

Астанада ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне дайындық бойынша кеңес өтті, жиын барысында Елбасы дайындық үрдісінің қатысуышларын тиімді әрі бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы көрме нысандарының құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, 2016 жылғы тамыз-қыркүйекте аяқталатынын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті көрмені табысты өткізу оның тақырыбының толық ашылуына, елдердің көбірек қатысуына, келушілерді тарта білуге, жаһандық серіктестермен, демеушілермен ойдағыдай деңгейде жұмыс жүргізуге байланысты екеніне тоқталып өтті. «Бұл орайда көрмені табысты өткізген елдердің – Португалияның 1998 жылғы Лиссабонда, Қытайдың 2010 жылы Шанхайда өткізген көрмесінің тәжірибесін зерттеу керек. Аталған елдерде ұйымдастырушылар барлық ұйымдастыру мә…

0
0
419

ЕАЭО елдері 1 917 ГОСТ дайындауды жоспарлап отыр — ЕЭК

Екатеринбургте «ИННОПРОМ-2015» өнеркәсіп және инновациялар форумы аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеулер жөніндегі алқасының мүшесі Валерий Корешков ЕАЭО аясында ең үздік деген халықаралық талаптар негізінде мемлекетаралық стандарттарды дайындаудың өзекті екендігін айтты, деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі. Валерий Корешковтың сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге сәйкес, мүше-мемлекеттер стандарттау мен бірлік өлшемдері саласында келісілген саясат жүргізуде. Үздік халықаралық тәжірибелерге негізделген бірыңғай талаптарды қолдану, әкімшілік кедергілерді жойып, тауарларды нарыққа жеткізу процедураларын жеңілдетумен қатар, өнімнің сапасын арттырып, бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Ал бұл өз кезегінде өнеркәсіп пен бизнес талапта…

0
0
374

Қостанай облысында жылына 500 тонна өнім өндіретін цемент зауыты салынуда

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Рудный қаласының өндіріс нысандарының және коммуналдық нысандардың қайта жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Жас қанат - 2006» құс фабрикасы жұмыртқа өндіруді жылына 250 мың данаға жеткізуге мүмкіндік беретін кең ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Бұл осымен жаңғыртудың үшінші кезеңі, аталған инвестициялық жоба өңірлік Индустрияландыру картасына кірді. Оны жүзеге асыруға 1 миллион 43 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Кәсіпорын өнімдерін 100 пайыз саудаға салады. Кәсіпорын Қазақстанға қарағанда тұтынушылары көп болып табылатын Беларусь және Ресей елдерін есепке ала отырып, өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. «Ең бастысы тек өнім өндіру емес, сонымен қатар, оны саудалау. Қазір рубльдің дев…

0
0
503

Қазақстанда «Денсаулық жолы — 2015» акциясы жалғасуда

1 шілде мен 31 тамыз аралығында елімізде «Денсаулық жолы-2015» кең көлемдегі акциясы өтетіндігі туралы хабарланған болатын. Осы ретте еліміздің өңірлерінде «Денсаулық жолы-2015» акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты – ауыл халқына салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік-маңызды аурулардың алдын алу мәселелерінде ақпараттық-білім беру және практикалық көмек көрсету болмақ. «Денсаулық жолы - 2015» республикалық акциясының аясында жылжымалы медицина кешендері Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының шалғай жатқан аймақтарына шығады, ондағы тұрғындар скринингтік тексерулерден тегін өтіп, әлеуметтік жағынан өзекті саналатын аурулар бойынша медициналық көмек алады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің баспасөз қызметі. Аймақтарға шығатын жедел топтар құ…

0
0
494

Астананың орталық саябағы бір кеште Қазақ хандығы кезеңіне айналды

Астананың орталық саябағында жастар саясаты басқармасының қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған акция өтті. Айналасы бір сағаттың көлемінде көріністі ұйымдастырушылар елорда қонақтарын Жәнібек пен Керейден бастап, қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі ел тарихымен таныстырды. Тәуелсіздігімізді алған аз ғана уақытта еліміздің жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай екені мәлім. Осы ретте тарихымызды ұмытпай, өскелең жас ұрпақты арғы ата-бабаларымен, тарихымен, ұлы тұлғаларымен таныстырып, ұлттық рухта тәрбиелеу үшін осындай шараларды өткізу аса маңызды. Еліміздің тарихын дәріптеп, ұрпағымызды патриотизмге тәрбелеу, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәриелеп, заман талабына сай бола отырып, жаңа белестерді бағындыру біздің мақсат. "Иә, баршаға мәлім, биыл еліміз…

0
0
1105

Швейцарияда Қазақ мәдени орталығы ашылды

Цюрихте Қазақстан Республикасы елшілігінің демеуімен Швейцария Конфедерациясында Қазақ мәдени орталығы ашылды, деп хабарлайды СІМ-нің баспасөз қызметі. Аталмыш ұйымның бастамашысы мен құрылтайшылары Швейцария азаматтары мен конфедерацияда уақытша және тұрақты тұрып жатқан қазақстандықтар болды. Құрылтай жиналысында Қазақ мәдени орталығының ашылуы қазақстандық швейцариялық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тағы бір қарышты қадам болғандығын жиынға қатысушылардың барлығы бірауыздан мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл шара екі ел арасындағы достықтың қарқындап келе жатқанының көрсеткіші болса керек. Қазақ мәдени орталығының президенті Лаура Шелленберг екі ел арасындағы мәдени байланыстарды алмастырудың маңыздылығын атап өтті. «Алдыда біздің көп жұмыстар күтіп тұр. Мен бұл жұмыст…

0
0
478

Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті шағын бизнесте жатыр – сарапшы

Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті шағын бизнесте жатыр, деді Еуразиялық ықпалдастық институтының Экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «ҚР Президенті айтқан құрамына 30 мемлекет кіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына көшу біз үшін маңызды және біз соған ұмтылып отырмыз. Осы ерте шағын кәсіпкерлік саласына маңыз берген жөн, өйткені тап осы салада елдің экономикалық өсімінің негізгі әлеуеті жатыр»,-деді В.Тельнов. Оның сөзінше, осы мәселеге байланысты ДСҰ-ға мүше өзге елдермен бәсекелестік жағдайында күресе алуға жағдай жасау үшін шағын бизнесті қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама қажат. «Бизнес-инкубатор, технопарктер, несиелік одақтар сияқты тиісті қолдаудың тиісті инфрақұрылымын қ…

0
0
462

Қызылордалық ғалымдар арпаның жаңа сұрыптарын шығарды

Қызылорда облысының ғалымдары жаздық арпаның жаңа сұрпын шығарды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Аймақтың топырақ-климаты мен агроэкологиялық жағдайын ескере отырып, соңғы үш жылда жүргізілген селекциялық жұмыс нәтижесінде жаздық арпаның «Сыр аруы», «Іңкәр», «Шахристан», «Қайсар» атты сұрыптары шықты. Пісімі тездігімен ерекшеленген жаңа сұрыптың өнімділігі де стандартпен салыстырғанда 15 центнерге артық көрінеді. Арпаның жаңа сұрпы аймақтағы мал шаруашылығын құнарлы азық дақылымен қамтамасыз етуге де мүмкіндік бермек. Аймақта мал шаруашылығына құнарлы, жергілікті климатқа барынша бейімделген мал азық дақылдарын өндіріске енгізу мақсатында, ғалымдар арпаны зерттеуге үш жыл бұрын кіріскен. Себебі сырттан алынатын сұрыптың жерсінуі екіталай. Сондықтан ауқымды селекциялық жұмыстардың нәтижесін…

0
0
486

Бердібек Сапарбаев: Қазақстанда 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау бойынша жаңа мембағдарламаны әзірлеу басталды

«Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған жаңа мембағдарламаны әзірлеуге кірістік, аталмыш бағдарламаның негізгі бағыттары алғашқы медико-санитарлық көмекті дамыту, әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу және денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін арттыру»,- деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ОКҚ баспасөз конференциясында. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданған болатын. Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулы…

0
0
1040