Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Ақмола облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлер қайта жөнделеді

Жарқайың ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 75 пәтерлік 5-ші үйдің қайта жөнделуі жүруде, деп хабарлады Ақмола облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы». Айта кетерлігі, енгізіліп отырған тұрғын үйдің жалпы аумағы 3 400 шаршы метр. Баспана Калачи және Красногорск елді мекендерінен көшіп келген тұрғындарға бағытталған. Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлжан Байгизова айтып өткендей, тұрғын үйдің қайта жөнделуіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша қаржы бөлу қарастырылған. Нысанды осы жылдың соңында тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ, 5-ші және 6-шы 75-пәтерлік тұрғын үйлердің қарауы жүзеге асты. Естеріңізге сала кетсек, «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бірқатар бағыттың жүзеге асырылуын көздейді: 1. Жергілікті атқару органдарынд…

0
0
432

Әлеуметтік-экономикалық салада 314 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді — Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасында заңдылықтың жағдайы мен прокурорлық қадағалау тәжірибесі жан-жақты талданып, шешімін күткен проблемалық мәселелер көтеріліп, болашақ перспективалар мен басым бағыттар нақтыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Хабарламадан мәлім болғанындай, республикада сотқа дейінгі қылмыстарды тіркеу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,9 пайызға артты. Жағдайдың бұлайша сипат алуы елде қылмыстық әрекеттердің көбюінен емес, қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеу жүйесінің өзгеруіне байланысты болып отыр. Осылайша, аса ауыр емес қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 109,2 пайыз болды, ауыр қылмыстар 11,4 пайызға артып, өте ауыр қылмыстар 8,5 пайызға көбейген. Орташа ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтар небәрі 2,6 пайызға төмендеген. Бұл ретте аса ауыр…

0
0
343

«ҚазАгро» инвестициялық жобасы 7000-шы «Беларус» тракторын шығарды

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен қаржыландырылған Қазақстандағы ауылшаруашылық техникаларының өндірісі бойынша инвестициялық жоба кезекті шегіне шықты. «ҚазАгро» холдингі желісі бойынша қолдау көрсетіліп 1,3 млрд.теңге инвестицияланған «СемАЗ» машина жасау зауыты «Беларус» тракторының 7 000-шы санын шығарды. Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметі. «СемАЗ» ЖШС тракторлар өндірісінің тарихы 2009 жылы Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жөніндегі конкурстан басталған, оны «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ өткізген болатын. Семейдің машина жасаушыларынан түскен өтінімге кейіннен 3000 бірлікке дейінгі техниканың өндірісімен жылына 1000 тракторды құрастыру өндіріс…

0
0
560

Забира Оразғалиева: ҚР-да балалардың құқығы мен қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін заңнамалық база құрылды

Қазақстан Республикасында балалардың құқығы мен қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін заңнамалық база құрылды, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Забира Оразғалиева. Бүгінгі бала еліміздің ертеңгі болашағы, еліміздің ертеңі екенін естен шығармағанымыз абзал. Оларды дұрыс тәрбиелеу, сапалы білім беру, алдынан кездесетін қиыншылықтарға төтеп бере алатын азамат етіп тәрбиелеу біздің міндет. «Елімізде 5 миллионнан астам бала өмір сүруде, және де оның әр біреуі өз өмірінің қорғалуына, ар-намысына тиіспеушілікке, әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғануға, денсаулығын сақтауға, рухани-адамгершілік дамуына құқығы бар», - деді Забира Оразғалиева. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажетті институц…

0
0
440

Алматы облысында жыл басынан бері 20 жаңа өнеркәсіп нысаны жұмыс істеуде

Алматы облысында 2015 жылдың 1-ш жартысындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2-жартыжылдыққа арналған міндеттер, барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен өткізген есептік кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулер бойынша қабылданған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәселелер қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде, биылғы жылдың І жартыжылдығында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты серпін сақталғанын айтты. Ауыл шаруашылығыөнімінің жалпы көлемі 108,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші - 101,6%. Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістік алқабы 5,7 мың га ұлғайып, 926,8 мың га жеткен», - делінген хабар…

0
0
314

Алматы облысында 45 қоршау-оба табылды

Жетісуда қазақ мемлекеттілігінің бастауы – сақ билеушісінің ескерткіші кешенді түрде зерттелінуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институты мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының бірлескен зерттеу тобы Алматы облысы Райымбек ауданының Қарқара ауылдық округіне қарасты Қарқара жайлауында сақтардың «патшалық» ескерткішіндегі кезекті қазба жұмыстарын жалғастырды. Зерттеу нәтижесінде ж.с.д. VI-V ғасырларға жататын сақ билеушісінің құрметіне салынған ірі көлемді ескерткіштің бірнеше құрылымдық элементтері – жер бетіндегі құрылымы, айнала қоршап жатқан тас қоршау қаландылар, орлар ашылды. Сақтардың архитектурасы, жерлеу ғұрпы және дүниетанымы жайлы жаңа мәліметте…

0
0
1352

Астанада Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ ) саласындағы табиғи монополиялар саласының инвестициялық бағдарламаларын дайындау мәселесі талқылануда

Астанада «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы табиғи монополиялар саласының ұзақмерзімді, сапалы, тиімді инвестициялық бағдарламаларын дайындау» атты және «Нұрлы жол» бағдарламасы мен халықаралық қаржы институттарының қаржыларын тарту мәселесіне арналған семинар өтті. «Заң табиғи монополиялар субъектілері қызметі бойынша әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған, сонымен қатар, құжат инвестициялық бағдарламалар мен табиғи монополиялардың өзге де міндеттемелеріне бақылауды күшейтеді, тарифқалыптастырудың ашықтығы артады, көп мәселелер бәсекелестікті дамытудан туындаған. Ал әкімшілік кедергілерді жою бойынша қандай шаралар қолға алынуда?. Шағын субъектілердің тізімі ұлғаюда, олар жыл сайын хабарландырып, тұтынушылар бағасы индексінің негізінде тарифтерді көтеріп отырулары кере…

0
0
504

Б.Сапарбаев: Музыка адамдарды ұлт пен ұлысқа, мемлекетке бөлмейді, керісінше бір-біріне жақындата түседі

Қазақ ұлттық өнер университетінде ICTM 43-ші халықаралық дәстүрлі музыка конференциясы жұмысын бастады. Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ішінде бірінші болып әлемнің мәдениет және өнер саласындағы ең ірі жиынды қарсы алуда, деп хабарлады ҚР МСМ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шара қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау сөзді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев оқыды. «Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан бүгінгі конференцияға қатысушылардың барлығына қош келдіңіздер деймін. ICTM басшылығына 43-ші Халықаралық дәстүрлі музыка конференциясын өткізу орнына Қазақстанды, оның ішінде Астана қаласын таңдап алғандарына алғысымызды білдіреміз. Менің ойымша, бұл кездейсоқтық емес. Соңғы уақыттард…

0
0
454

Милан қаласының мэріне «Smart Astana» жобалары таныстырылды

Бүкіләлемдік ЭКСПО көрмелерін ұйымдастыру және өткізу жағынан тәжірибемен алмасу бойынша, Қазақстан және Италияның екіжақтық ынтымақтастығы аясында Милан қаласының мэрі Джулиано Пизапиа «Smart Astana» жобаларымен танысты. Смарт-жобаларының көрсетілімі Қазақстанның астанасына Милан қаласының мэрі Джулиано Пизапианың Астана күніне келуінде өтті. «Нұралі Әлиев Джулиано Пизапиа мырзаға «Smart емхана», «Smart Astana», «Smart көшелерді жарықтандыру», «Smart payments» және қала әкімдігінің Интеллектуалды байланыс-орталығы жобаларын көрсетті», - делінген хабарламада Нұралі Әлиев италияндық қонақтарға смарттарды көрсету барысында, «Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясындағы негізгі жобалардың бірі» болып «Smart» көшелерді жарықтандыру» бола алатынын атап өтті. Джулиано Пиз…

0
0
637

Жезқазған мен Балқаш өңірлерінде металлургтерді ұлықтауда

Металлургтер күні Қазақстандағы ең ірі, әрі ертеден келе жатқан мыс қорыту зауыттары бар, «Kazakhmys Smelting» ЖШС корпорациясының бөлімдерінде орналасқан Жезқазған және Балқаш аймақтарында кеңінен өткізіледі, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Жезқазған мен Балқаш қалаларында мыс қорыту зауыттарының еңбегі сіңген жұмысшыларына құрмет көрсетіп, салтанатты жиындар және түрлі спорттық жарыстар өткізіледі. Бұған қоса Балқаш қаласында жергілікті маңызы бар Ванюков пешінің іске қосылғанына 30-жыл толған мерейтойына арналған салтанатты жиын өткізіледі. Екі қаланың алаңдарында да дәстүрге айналған Қазақстан және шетел эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер өткізіліп, соңы мерекелік шашумен аяқталады. Қазақмыс корпорациясындағы металлургтердің алар орыны ерекше маңызды. Же…

0
0
1258