Алматыда Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы ( ҚазҰЖҒА ) ғалымдарының Қазақстан индустриясын дамыту туралы үздік жобалары таныстырылды
Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясында «Білім және ғылым саласында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша міндеттер» тақырыбында кеңейтілген жалпы жиналысы болды, деп хабарлады ҚР БҒМ. Жиналыс Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик Н.Әбіқаевтың төрағалымен өтеді. Мәжіліске Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы А.Бижанов, Мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хаб комитет басшысы А.Байменов, Жоғарғы оқу орындары ректорлары, Ғылыми зерттеу институттары жетекшілері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар қатысады. Іс-ша…