Оңтүстік Корея өзінің ЭКСПО көрмесін өткізу тәжірибесімен бөлісуді ұсынды
Корея Республикасы өзінің халықаралық деңгейдегі көрме өткізу тәжірибесімен бөлісіп, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті екендігін білдірді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі. Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басшылығы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Енгчонмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Оңтүстік Кореяның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын талқыға салды. Чо Енгчон ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның тек саясат пен экономика салаларының сәттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің өзге де салалардағы мәртебесін көтеретіндігін атап өтті. «Оңтүстік Корея көрмені 1993 және 2003 жылдары екі рет өткізді, оларды ұйымдастыру елдің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Осылайша, біз өзіміздің ЭКСПО өткізуден тәжірибемізді пайдалана отыры…