ИИДМБ: Ақтөбеде 9,3 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылуда
Индустрияландыру картасы аясында Ақтөбе қаласында 2015-2017 жылдары іске қосылатын 10 жоба 9,3 млрд теңгеге жүзеге асырылуда және 659 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе қаласында Қазақстанның Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мақсатты тұрғыда жұмыстар жүргізілуде Аталмыш бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында қалада 43 жаңа нвестициялық жоба іске асырылды. Жобалардың одан ары жұмысына мониторинг жүргізіліп, олардың жоспарланған қуаттылыққа шығуына барынша қолдау көрсетілуде.
Оның ішінде, ағымдағы жылы 220 жаңа жұмыс орын ашуға мүмкіндік беретін 5 жобаны 5,1 млрд. теңгеге іске қосу жоспарланған. Олар «Каспий плюс» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС макарон фабрикасы, «ЕвразМеталКомпани» ЖШС мен «ASBI SAT GROUP»ЖШС және «Айс-плюс» ЖШС.
Бұдан басқа, қалада Индустрияландыру картасынан тыс өзгеде маңызды жобалар жүзеге асырылуда, олар «Ника-99» ЖШС жылыжай кешенін 3 га кеңейту, «ЭкоВторТехРесурс» ЖШС рәзіңке доңғалақтарын қайта кәдеге жарату, «Айбек»ӘКК етконсерві цехы және басқалар.
Аталып өткендей, Индустрияландыру картасының жобалары қалыптастырылып жатқан кәсіпорындар кластерінде лайықты орын алатын болады.
Қазіргі таңда индустриялды аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, су,газ және электрмен жабдықтау жүйелері жүзеге асырылуда. 1294 шаршы метрлік әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимараты салынды.
Индустриялды аймақта 10 ірі және орта зауыт пен 30 кіші зауытты орналастыру жоспарланған. Қорытындысында мыңдаған жұмыс орны ашылады.
Қазіргі таңда тұңғыш 3 бизнес субъектісімен келісім шарт орнатылды.
Айта кетейік, Индустриялды аймақ өңдеу өнеркәсібінің жаңа өндіріс нысандарының басты алаңы болады.
2015 жылдың жарты жылдығы бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны Ақтөбеде 40,3 мың бірлікті құрады, ол өткен жылғымен салыстырғанда 6,6 пайызға жоғары, деп хабарлады қала әкімдігі. Оның ішінде әрекеттегі ШОБ субъектісі 32,8 мың бірлікті құрады немесе өткен жылдан 6,8 пайызға жоғары.
Қызметтегі тірклген субъектілердің үлесі 81,4 пайызды құрады.
2015 жылдың басынан бері 40 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде субсидияланғаны – 37, кепілдендіру бойынша – 3 кәсіпорын.
Осы шараларға орай сақталған жұмыс орындары 1504 бірлікті құрады.
