Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысында Индустрияландыру картасы аясында 274 млрд теңге инвестиция тартылды

Павлодар облысында Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығы аясында 274,4 млрд теңгенің 68 жобасы енгізілді, деді облыстың индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Әлішер Әбдіқадіров.

Ол атап өткендей, осы уақыт арасында 5,5 мың жұмыс орны ашылды.

«ҮИИДМБ бағдарламасы жұмыс істегелі бері Индустрияландыру картасының жобалары 678 млрд теңгенің өінімін өндірді. Ол облыстың өндірістік саласына әсер берді», - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Бірінші бесжылдық аясында жобалардың экспорт көлемі 485 млрд теңгені құрады, жобаларға құйылған инвестиция  - 274,4 млрд теңгені құрады. Жүзеге асқан жобалар саны- 68.

Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына 24 жоба енгізілді, инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгені құрайды, ашылатын жұмыс орны – 6 мың.

Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы әлемдік экономиканың қазіргі даму ғұрпына сәйкес болуы тиіс.

Шикізат өндірісі секторының экспорттық түсімі көлемдерiнiң төмендеуiмен айқындалған Қазақстанның экономикасына жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы, елдің индустриалды дамыту және экономиканың дәстүрлi секторларының бiрiншi кезекте әртараптандыруды қажет етеді.

Инновациялы индустрияландырудың негiзгi мақсаттары: кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң күштерiн біріктіру және елдiң резервтерін экономиканың басты секторларын дамытуға шоғырландыру; қолайлы кәсiпкерлiк орта мен инвестициялық климатты қалыптастыру; ұлттық экономиканың қарқындылығы мен өнiмдiлiгiн арттыру.

Бас басымдылықтар болып: өнiмдердiң әртараптандыруы мен олардың терең өңделуiне дейiнгі технологиялық тiркестiң жалғасы арқылы дәстүрлi экспорттық секторларды дамыту; жоғары қосылған құны бар өнiмнiң және еңбек өнiмдiлiгiнiң биiк деңгейi көмегімен инновациялық өндiрiстерді дамыту болып табылады. Стратегиялық жоспарын әзірлеуді аяқтап қалды. Стратегиялық жоспардың iске асырылуына оның алғашқы бес жылдық мерзiмде негiзгi мақсаттары мен даму міндеттерін нақтылайтын мемлекеттiк бағдарламалар жасалатын болады. Бұл мемлекеттік бағдарламалар саны үш-бестен көп болмайды және олардың тiзiмiн Мемлекет басшысы анықтайды деп ұсынылды. Осыған орай, экономика саласындағы бағдарламалық құжаттарды айтарлықтай оңтайландыру қажет болады.
Ақпарат көзі

0
0
1007

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысында Индустрияландыру картасы аясында 274 млрд теңге инвестиция тартылды - Yvision.kz