Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» экспедициясының жетінші күні

Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Ақжайықтың өмірімен танысу үшін алдымен Ақжайықтың өмірімен танысу қажет деген мақсатпен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға жол тарттық.

Филармония Карев үйінің 3 қабатында орналасқан. Үй 1990 ж. салынған. Мұнда әртүрлі уақытта С.Сейфуллин, Т.Жароков, А.Толстой, М.Шолохов және т.б. болған. 1966 жылы құрылған облыстық филармония құрамында Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық би ансамблі, «Классика» камералық ансамблі, «Орда» аспапты триосы, вокальды-аспапты ансамбль сынды алты бірдей үлкенді-кішілі шығармашылық ұжым, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимова, Сәуле Таудаева сынды жекелеген орындаушылары бар.

Ақжайықтың өнерімен танысуға бағытталған танымдық-зерттеу экспедициямыз әрі қарай Сәкен Ғұмаровтың музей-үйімен танысумен өз жалғасын тапты. Музейде  Поставангардистік бағытта қылқалам тартып, кескіндеме өнерімен айналысқан суретшінің музейінде жеке коллекциясынан алынған 200-дей картинасымен қатар, оның жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары көрініске қойылған. Оның зор мағына беретін картиналары әр адамның ойында ерекше қызығушылық танытады.

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңыздықұралы. Осындай тәрбиелік мені зор, өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендерге жеткізетін орындардың бірі  - Қазақ драма театры.

Біз мұнда "Алғашқы махаббат" қойылымының көрермені болдық.

Ал мақаламның соңын Ғабит Мүсіреповтың «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды» деген ұлы сөзімен аяқтағым келеді. Өйткені әдебиет пен өнер - елімнің өткені мен ертеңінің айнасы.

 
2
0
1584

Осы тақырып бойынша

Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» экспедициясының жетінші күні - Yvision.kz