Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының төртінші күні

Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс. Осындай ұстаныммен біз бүгін Батыс Қазақстан облысындағы табиғат және экология мүзейіне жол тарттық. Басты мақсат - Орал өңірі маңында кездесетін тірі табиғат әлемімен тереңірек танысу. 
Бір қызығы біздің заманымызға дейін өмір сүрген динозавтрлар мен мамонттардың қалдықтарын көріп, олардың осы Орал өлкесінде де мекендегенін білдік. Сапарымыз облыстық экологиялық - биологиялық орталыққа саяxатымызбен жалғасты. Мұнда біз балалар xайуанаттар бағында, көрікті жасыл - желек дендропаркте болдық.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Өзімізде шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, соған сай тұтынушылар назарын барынша отандық өнімге бұру, Қазақстанда жасалған бұйымдар, құрал-жабдықтар, азық-түлік тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында елімізде түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып, қаржыландыру деңгейі жыл сайын артып келеді.

"Туған елге тағзым" жобасы арқылы біз бүгін жетекші өндіріс орындарымен таныстық. Нақты айтсақ "Уральскагрореммаш" АҚ және "Стеклосервис" ЖШС - де экспедицияда болдық. "

Стеклосервис" ЖШС басшыларының рұқсатымен шыныларды әртүрлі түрлерін салыстырып қарап, шынымен қызықты эксперимент жасадық.
