Қостанай облысы бойынша инспекция 5 мемлекеттік органға қатысты тергеуді аяқтады
Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекция «Бәсекелестік туралы» Заңның 33-бабын (мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері) бұзу фактілері бойынша 5 мемлекеттік органға:
— Амангелді ауылдық округінің әкімдігіне;
— Лисаковск қаласының, Әулиекөл, Ұзынкөл және Қамысты аудандарының жер қатынастары бөліміне қатысты тергеуді аяқтады.
Тергеу жүргізудің негізі «Система Грид» ЖШС-дан келіп түскен өтініш болды.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметтерін (мемлекеттік монополия), сондай-ақ мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде аталған қызметтерді бір жұмыспен сатып алуды жүзеге асырған.
Осылайша, бәсекелестік шектелген, себебі мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметтерді «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы» және оның облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша ЕМК-лері ғана орындай алады, ал мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметті ЖерҒӨО РМК де, жеке нарық субъектілері де жүзеге асыра алады.
Жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша мемлекетті органдарға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданды.
