Атырау облысы бойынша инспекция ТКШ нарықтарындағы проблемаларды зерделеу жөнінде дөңгелек үстел өткізді
Ағымдағы жылғы 4 шілдеде Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция ПМК, «Спецавтобаза» МКК, қалалық ТКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нарығындағы проблемаларды зерделеу жөнінде дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында Инспекция өкілдері монополияға қарсы заңнаманы түсіндіріп, ТКШ нарығының проблемалық мәселелерін қарады.
