Мазмұнға өту
AZKRK

AZKRK

Сайтта 2013 ж. 19 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

97

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Астана қаласы бойынша инспекция ТКШ нарығындағы проблемаларды зерделеу жөнінде кеңес өткізді

Ағымдағы жылғы 30 маусымда Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Энергетика басқармасының, Коммуналдық шаруашылық басқармасының, «АстанаЭнергосбыт» ЖШС, Астана-Теплотранзит» АҚ, «Центральное газоснабжение» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК және ПМК өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нарығындағы проблемалық мәселелерді зерделеу жөнінде кеңес өткізді.

Кеңесте «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары түсіндірілді.

Кеңес қорытындысы бойынша субъектілердің пікірі тыңдалып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нарығына қатысты барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

0
0
475

Алматы қаласы бойынша инспекция «АЛТЕЛ» АҚ-ның өтінішін қарады

Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы инспекцияда оған «KCell» АҚ және «КаР-Тел» (Билайн) ЖШС тарапынан интерконнект құнын 11,1 теңге/минут белгілеуі мәселесі жөніндегі «АЛТЕЛ» АҚ-ның өтінішін қарау шеңберінде кеңес өтті.

Кеңес барысында «Мобайл телеком Сервис» (Tele 2) ЖШС өкілдері Байланыс және ақпарат агенттігі жүргізген интерконнект бағасына сараптаманың заңдылығын қарау туралы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (БҚА) жүгінгенін хабарлады.

Бұдан басқа, Tele 2 өкілдері, қажет болған жағдайда, интерконнектке ақы төлеу тиімдірек болып табылатын өз сараптамасын ұсына алатынын хабарлады.

0
0
232

Aлматы облысы бойынша инспекция Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді

2014 жылғы 29 мамырда Алматы облысы бойынша монополияға қарсы инспекция Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру мәселелері жөнінде қоғамдық және іскер топтар өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы мақаласының ережелері жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды.

0
0
355

Агенттікте ЕЭК өкілдерімен кездесу өтті

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғ.І. Оразбақов ЕЭК өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге Н. Алдабергенов — Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі қатысты. Кездесу барысында негізгі талқыланатын мәселелердің бірі алдағы ЕЭК пен монополияға қарсы органдардың тергеу жүргізу іс-әрекеттерінің тетігі болды.

0
0
262

«Жаһандану жағдайындағы бәсекелестік» атты Халықаралық конференция өтті

2014 жылғы 23 мамырда сағат 16.30-да VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) шеңберінде «ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК» атты халықаралық конференция өтті, оны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) болып табылады.
Ғ. Оразбақов бәсекелестік мәселелері жөнінде диалог алаңын құру бастамасын көтерді. Аталған алаң «G-Global» платформасында жұмыс істейтін болады.
Бұл бастама қандай мүмкіндік береді?
Біріншіден, қоғам үшін қолжетімділігі. Яғни, әрбір қатысушы жаһандық бәсекелестікті дамытуға өз үлесін қоса алады.
Екіншіден, монополияға қарсы реттеу тәсілдерін жетілдіру үшін пайдалануға болатын монополияға қарсы реттеу жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді жинақтау.

0
0
672

Ғ. Оразбақов ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Ф. Женнимен кездесті

Агенттікте монополияға қарсы органның басшысы Ғалым Оразбақовтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Фредерик Женнимен кездесуі өтті. Кездесу барысында ЭЫДҰ-ға кіру мәселесі талқыланды. Ф. Женни ұлттық монополияға қарсы заңнаманың және құқық қолданудың ЭЫДҰ талаптарына сәйкес келуін айқындау өлшемдері және т. б. туралы әңгімеледі. ЭЫДҰ сарапшылары үшін жоғары баға өлшемі ұлттық заңнаманың және құқық қолданудың алдыңғы қатарлы практикаға сәйкес келуі болып табылады.

0
0
350

Агенттікте Әдістемелік кеңестің 7-ші отырысы өтті

2014 жылғы 19 мамыр күні Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Ғ.І. Оразбақовтың төрағалық етуімен Әдістемелік кеңестің 7-ші отырысы өтті. Әдістемелік кеңес мүшелері «Мемлекеттік техникалық қызмет» ШЖҚ РМК («МТҚ" РМК) байланыс, ақпараттандыру, электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба саласында көрсететін қызметтеріне бағаларының сараптамасын қарау нәтижелерін ұсынды.

0
0
317

Алматы облысы бойынша инспекция «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасын түсіндіру жөнінде кездесу өткізді

2014 жылғы 19 мамырда Алматы облысы бойынша монополияға қарсы инспекцияда нарық субъектілерімен және «Жетісу» тұтынушылардың құқықтарын қорғау лигасы» ҚБ-мен «Нұр Отан» партиясы саяси доктринасының негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде кездесу өтті.

0
0
240

Өскемен қаласының соты Инспекцияның тергеу нәтижелерін қолдады

2014 жылғы 6 мамырда Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты шұжық өнімдеріне келісілген бағаларды белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактісі бойынша Монополияға қарсы инспекция қозғаған «АлеАн» азық-түлік компаниясы В. С. Плотников ЖК-ге (ЖК) қатысты әкімшілік істі қарауды аяқтады. Сот қаулысымен ЖК 648906 теңге мөлшеріндегі монополиялық табысы тәркілене отырып 277 800 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ЖК-нің аталған шешімге белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.

0
0
368

Сот ШҚО бойынша инспекцияның тергеу нәтижелерін қолдады

2014 жылғы 6 мамырда Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қышқыл сүт өнімдеріне келісілген бағаларды белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактісі бойынша Монополияға қарсы инспекция қозғаған «Эмиль» ЖШС-ға (ЖШС) қатысты әкімшілік істі қарауды аяқтады. Сот қаулысымен ЖШС 266428 теңге мөлшеріндегі монополиялық табысы тәркілене отырып 288685 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ЖШС-ның аталған шешімге белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.

0
0
198