Мазмұнға өту
AIKYN

«Айқын»

@AIKYN

Сайтта 2012 ж. 1 қыркүйекКазахстан, Алматы

Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б

рейтинг

250

жазбалар

116

пікірлер

2

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Кененнің кемер белдігі

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында Қазақстанның халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын облыстық партия комитетінің бюросы және облыстық атқару комитетінің қаулысымен 1981 жылы наурыз айында ашылған. Мекеме директоры Марат Оспановтың айтуынша, мұнда 80 жылға уақыт қолынан қара домбырасын тастамай, туған халқына қызмет еткен біртума өнер иесінің өмірі мен шығармашылығына қатысты төрт мыңға жуық жәдігер сақталған. Солардың ішінде келушілердің көзіне оттай басылатыны - бозбала Кененнің қырғыз манабы Шабданның асында сыйға алған кемер белдігі. Кенен Әзірбайұлының қой соңында жүріп шығарған «Ри, қойым», «Көк шолақ» сынды тырнақалды туындылары оның атын ауыл-аймаққа ерте таныта бастайды. Он бір жа…

1
1
2215

Ұрпаққа сапалы ұрық керек

Ел халқының жиырма пайызы, яки әрбір бесінші жұп артынан ұрпақ қалдыру бақытынан қағылған. Әрине, ғылыми технологияның озық жетістіктерінің арқасында мұндай келеңсіздікті оңай еңсеруге болады. Тек қалтаңызда ақша, қажетті генетикалық материал болса, жеткілікті. Он бес жылдың ішінде алты мыңнан астам бүлдіршін қосымша репродуктивті көмек арқылы дүние есігін ашқан. Әйтсе де мамандардың пайымдауынша, ел аумағында жасанды ұрықтандыруға қажетті ұрық жетіспейді. Тіпті алдағы жиырма жылдың ішінде дені сау ұрық баға жетпес құндылыққа айналады-мыс. Ұрықтың әлсізденуіне түрлі экологиялық факторлар әсер етеді екен. Елімізде оннан аса жасанды ұрықтандыру орталықтары бар. Жыл сайын екі мыңға жуық келіншек аталмыш орталықтардың көмегіне жүгінеді. Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, бедеулікке тап б…

1
0
3141

Құлагерді кім өлтірді?

1. Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романында Ақтоқты мен Ақанның бір-біріне деген сезімі ерекше сипатталады. Бірақ естуімше, шын өмірде олардың арасында мұндай керемет махаббат болмаған. Көркем шындық пен тарихи шындықтың аражігін ашып берсеңіздер... 2. Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» атты деректі очеркінде Құлагерді шабысынан айырған жауыз ретінде Батыраш емес, Барақбайдың шабарманы Бөрібай деп көрсетіледі. Қайсысы дұрыс? Құлагерді кім өлтірді?3. Ел аузында Ақанның «пері қыздарымен бірге сауық құрғандығы» туралы әңгімелер айтылып жүр. Сері өмірінің соңын қалай өткізген?Қанат Нұрасылов Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Серінің өміріне қатысты сұрақтарға белгілі өнертанушы Ерлан ТӨЛЕУТАЙ жауап береді:1. Көркем шындық пен тарихи шындықтың арасында шамалы ғана айыр­машылық бар. Ақан мен Ақтоқтының…

1
0
8076

Баға басқа шыққалы тұр

Қазақстанда судың бағасы енді еселеп қымбаттауы мүмкін. Кеше Үкімет отырысында осыған қатысты шешім қабылданды. Әрине, су бағасын көтеруге қатысты әңгімелер бұрын да қаузалған, тіпті сол бағытта қадамдар да жасалған-тын. Алайда Үкімет енді батыл шараларға кірісуге белді бекем буып отыр. Өйткені күні кешегі өзбек басшысы Ислам Кәрімовтің елімізге сапары кезінде Қазақстан мен Өзбекстанда су тапшылығынан миллиондардың зардап шегетіндігі ашық айтылып, Үкімет алдына мәселе төтесінен қойылған. Министрлер кабинетінің кешегі жиынына әу баста «Табиғи монополия субъектілерінің қаражатты мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау жүйесі туралы» мәселесі шығарылған болатын. Өйткені биылғы Индустриялық форум телекөпірі кезінде Қазақстан Көшбасшысы энергетиктерді қатты сынға алған еді: Елбасының айтуынша…

0
0
524

Каспийге көз тіккендер көп

Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі тағы көтеріле бастады. Рас, тәуелсіздікке қол жеткізілгелі бері теңіз бойында жатқан бес мемлекет (Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түрiкменстан) әлі күнге Каспий жөнінде бір мәмілеге келе алған жоқ. Талай рет ресми кездесу болды, бірақ түрлі себептермен теңіз мәртебесін шешу кейінге сырғи берді. Себебі әлемде өте ірі мұнай мен газ қоры бар (Солтүстік теңіз бен Рапсы Шығанағынан кейінгі) бұл аймақтың байлығын жағалауда жатқан бес елге тепе-тең етіп бөлу - оңай шаруа емес. Мұның сыртында «майлы күлшеден» дәм татқысы келетін үшінші күштер тағы бар. Нақтылай түсетін болсақ, Каспий теңізінің жалпы ауданы - 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 шақырымға созыла орналасқан. Теңі…

0
0
522

Ильин үйленді

Өткен жексенбі күні Алматыда Қазақстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин мен қалыңдығы Наталья Кулакованың үйлену тойы өтті.Лондон Олимпиадасынан алтын медальмен оралған чемпион Илья Ильин Қызылордаға келісімен өзінің алдағы көптеген жоспарлары бар екендігін айтқан. Соның ішіндегі бастысы - үйлену тойына дайындық екендігін де жасырған жоқ болатын. Зілтемір көтеруден кезекті рекорд жасаған Илья Ильин Спорт академиясының докторантурасына түсті. Енді қалғаны сүйікті қалыңдығына қосылып, отау құру еді. Оны да орындады. Қыркүйектің 9-ы күні көптен бері жұптары жазылмаған қалыңдығы Наталья Кулаковамен екеуі Алматыда некелерін қидырды. Өздерінің қалаулары бойынша жас жұбайлар тойды дүрілдетіп өткізген жоқ. Тек ең жақын туыстары мен достары арасында үйлену тойларын атап өтті. Илья мен Н…

0
0
567

Оюмен ой айтқан елміз

Шөкең - Шөптібай Байділдинмен таныстығыма да біраз жыл болып қалыпты. Ол кездері Қостанай облысындағы Амангелді ауданында тұратын. Сол уақытта-ақ ою-өрнекті терең меңгеріп, есімі елімізге әжептәуір белгілі болып қалған еді. Қазір ол Арқалықта тұрады. Сондағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының баспаханасында қызмет істейді. Жақында облыстық шығармашылық үйіне қарасты көркемсурет галереясында Шөкеңнің «Оюмен ой айтқан елміз» атты көрмесі ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам ою үлгісі қойылды. Бұл көрмеге өңірдегі мәдениет пен өнерді бағалайтын көпшілік қауым қатысып, автордың ізденісі мен жетістіктеріне жоғары баға берді. Бір ғажабы, ою-өрнектердің қай-қайсысының да өзіндік айтары бар. Мән-мағынасы өте терең. Оюшының қиялынан туған дүниелер кімнің болсын назарын…

0
0
1647

Клара МЫҢЖАСАРОВА: Әдекеңнiң ескерткіші қойылар деп үміттенемін

10 қыркүйек күні Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, партизан-жазушы Әди Шәріповтің 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтіледі. Жазушының осы ғасырлық тойына орай артында қалған қара шаңырағын бағып, түтінін түзу ұшырып отырған жан-жары Клара Жағыппарқызымен әңгімелескен едік. Бес жасымда таныстым- 1945 жылы Абайдың 100 жылдығы тойланды. Ол кезде менің әкем Абай ауданның Қарауыл селосында аудандық атқару комитетінің төрағасы болып істейтін. Абай тойын өткізудің аудандық комиссиясын басқарды. Тойға Алматыдан атақты балуан Қажымұқан, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсіреповтермен бірге партизан-жазушы Әди Шәріпов те келіп қатысқан. Мен ол кезде тұлымшағы желбіреген бес жасар баламын. Даладан ентігіп кіріп келсем, үйде біртала…

0
0
1775

Артық табысқа жоғары салық белгілеу дұрыс па?

Мәжіліс депутаттарының бір тобы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілетін өзгертулер жобасын әзірлеуге кірісіп кетті. Жаңа ұсыныстарға сәйкес, келешекте елімізде басы артық молшылық иелеріне салынатын салық түрлері пайда болуы мүмкін. Total.kz. ақпарат көзінің мәліметінше, құжатты әзірлеу кезінде 2013 жылдан бастап-ақ артық дүние мүлкі үшін «байлардан» тиісті төлем өндіруді көздеп отырған Кеден одағы бойынша әріптес - Ресей тәжірибесі ғана емес, сондай-ақ басқа да шетелдік үлгілер ескерілетін көрінеді. Интернет-басылым тек ең дәулетті 50 қазақстандықтың дүние-мүлкі 24 миллион АҚШ долларын, ал олардың жиынтық табысы биылғы жылға белгіленіп отырған 36 миллиардтың үштен екі бөлігін құрайтынын есептеп шығыпты. Егер Үндістандағы сияқты, артық дүние-мүлікке бар-жоғы 1 пайыздық болма…

0
0
702

Айтақырға айналған Алатау

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов, былтыр 17 мамыр және 27 маусымда дүлей құйын шыршаларын сұлатып кеткен Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркіндегі табиғат апатының зардаптарын жою, сондай-ақ құлаған шыршалардың орындарына жас көшет отырғызу жұмыстарын барып көрді. Алматы облысындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің (МҰТП) аумағына жататын «Мохнатка» жотасында қызу жұмыс жүріп жатыр. Медеу мұзайдынынан Шымбұлаққа қарай көтерілетін тау беткейінде орман шаруашылығының 81 жұмысшысы өртенген ағаштарды кесіп, тауды айналып өтетін жолға қарай домалатып жатыр. Жиналған кеспелтектер автокөліктерге тиеліп күресінге шығарылады. «Мохнатка» тауында 22 т…

0
0
752