Жаңа
Алматыда 350 км автомобиль жолдарын салу және 30 км газбен жабдықтау жоспарлануда.
Мегаполистің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы барлық жолдарының үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі. Бұдан басқа, жол картасы 378 км сумен жабдықтауды, 281 км кәріз желілерін салуды және реконструкциялауды көздейді.
Nur Otan партиясы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде Жол картасы ұсынылды
Жол картасының жобасы депутаттық фракция мүшелерімен бірауыздан келісілді. ⠀ Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев @sagintayev.b фракция депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсау қажеттігін атап өтті. ⠀ Алматының жол картасы мегаполисті дамытудың он екі драйверіне негізделген 180 тармақтан тұрады. Жобада Жол картасын жүзеге асырудың әр жылға бағытталған нақты көрсеткіштері, сондай-ақ жауапты депутаттар мен мемлекеттік органдар бекітілген. ⠀ «Аталған бағдарламаны жасай отырып, біз қоғамның барлық топтарының мүдделерін ескердік, ол «Еңбек», «Бизнестің жол картасы–2025», «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Іскер ана» мемлекеттік бағдарламаларымен тығыз байланысты. Мысалы,…
Түрксіб аудандық филиалы аудан тұрғындарына мәслихат депутатының тікелей қабылдауын ұйымдастырды.
Алматыда Nur Otan депутаттары алғашқылардың бірі болып COVID-19 вакцинасын алды
Екпе Алматы қаласындағы №5 емханада салынды. Алматылық мәслихат депутаттары алдымен дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қан талдамасын тапсырды. Екпе салдырғаннан кейін 30 минут бойы дәрігер бақылауында болды. «Пандемия кезінде коронавирус жұқтырып алу қаупі вакцина салдыру қаупімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін түсінемін. Біз адамдар арасында жиі жүреміз, сондықтан вакцина өте маңызды. ДДҰ пайымдауынша, жаппай вакциналаудың арқасында ғана пандемияны тоқтатып, адамдардың өмірін сақтап қалуға болады», - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Станислав Канкуров.
Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының кеңейтілген жиналысында партияның сайлауалды бағдарламасы
Түрксіб аудандық филиалы аудан тұрғындарына жергілікті билік органдарымен қабылдау өткізді
Қабылдау барысында көпбалалы аналар және жағдайы төмен отбасылар АӘК жайлы сұрақпен келді, оларға заң аясында түсіндірілді.
1 наурыз - «Nur Otan» партиясы күні
1 наурыз - Партия күніне орай «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тлеген Арстанбековтың қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Шара барысында М.Аққалиев барша қатысушыларды бүгінгі Партия күнімен және де Алғыс айту күнімен құттықтап, партия күніне орай жаңадан қабылданған жастарға партиялық билеттерін табыстады.
Сонымен қатар, Т.Арстанбеков барша партияластарды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, жас мамандарға жұмыстарына сәттілік тіледі.