ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Nur Otan партиясы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде Жол картасы ұсынылды

Жол картасының жобасы депутаттық фракция мүшелерімен бірауыздан келісілді.

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев @sagintayev.b фракция депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсау қажеттігін атап өтті.

Алматының жол картасы мегаполисті дамытудың он екі драйверіне негізделген 180 тармақтан тұрады. Жобада Жол картасын жүзеге асырудың әр жылға бағытталған нақты көрсеткіштері, сондай-ақ жауапты депутаттар мен мемлекеттік органдар бекітілген.

«Аталған бағдарламаны жасай отырып, біз қоғамның барлық топтарының мүдделерін ескердік, ол «Еңбек», «Бизнестің жол картасы–2025», «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Іскер ана» мемлекеттік бағдарламаларымен тығыз байланысты. Мысалы, Алматыда 5 жыл ішінде 15 мемлекеттік мектеп пен 25 жапсарлас құрылыс, сондай-ақ 15 мемлекеттік және 324 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесі салынады. Бұл балалардың 99%-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік беріп, оқушы орындарының тапшылығын айтарлықтай төмендетеді», - деді Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары @meirzhan_otynshiyev