Мазмұнға өту

Жаңа

1-наурыз Партия күні қарсаңында Үржар аудандық филиалында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті..

1-наурыз Партия күні қарсаңында Үржар аудандық филиалында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, «Nur Otan» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. -Сіздерді алда кележатқан, 1- наурыз Партия күнімен және Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер партия қатарына қосыла отырып алдағы уақытта партиялық бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуына үлкен үлес қосатындарыңызға сенемін- деді аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Роза Сүлейменқызы.

16
0
186

Ақшаны орынды жұмсап үйреніңіз!

Әрбір адам бала кезінде "Бай болғым келеді" деп армандаған болар. Бұл арманыңыз әлі де көкейіңізде болса, бай болуға деген ұмтылысты бүгін бастаңыз. Ол үшін сізге көп ақша табу міндетті емес, жай ғана қаражатыңызды орынды жұмсап үйрену қажет: 1. Әрдайым тапқан табысыңыздан аз ақша құртып үйреніңіз. Мысалы, айына 100 мың тапсаңыз, 80 мыңын ғана құртыңыз. Қалған 20 мыңын ай сайын жинап отырсаңыз, жылдың соңында сізде артық 240 мың теңгеңіз болады.2. Күннен күнге қымбаттап бара жатқан затты сатып алыңыз.3. Керісінше, арзандап бара жатқан затты сатып алмаңыз.4. Алдымен негізгі маңызды қажеттіліктеріңізді түгелдеңіз. (Күнделікті жүріс-тұрыс, тамақ, үйдің шығындары және т.б.).5. Заттың сатып алғандағы бағасын емес, оны ары қарай күту бағасын ескеріңіз. Мысалы, автокөлікті жақсылап ойланып, саты…

0
2
346

Барша қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз. ⠀

Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күн. ⠀ Бұл тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Тәуелсіз еліміздің 30 жылдық мызғымас іргесін бірге қалап келе жатқанымыз осының айқын дәлелі. ⠀ Бұл мереке қазақ жерінде өмір сүріп, еңбек етуші әрбір ұлт өкілін біріктіруші алтын арқауға айналсын! Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, береке-бірлік, сәттіліктер мен толайым табыстар тілейміз!

0
0
501

Бізге «Партияға қалай қабылдануға болады?», «Қандай құжаттар керек?»

Партия қатарын толықтыру жеке және ерікті түрде жүзеге асырылады. 18 жасқа толған, партияның жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, партияның алда тұрған мақсаттарына қол жеткізуге, міндеттерді іске асыруға белсенді қатысатын, заңнамалық актілерде айқындалған адамдарды қоспағанда, партиялық мүшелік жарналарды уақтылы төлейтін Қазақстан Республикасының азаматы бола алады. «Nur Otan»-ға мүшелік тиісті партиялық құжатпен расталады. Қабылдауды бастауыш партия ұйымының (бұдан әрі - БПҰ) жиналысы азаматтың партияның екі мүшесінің ұсынымдары бар жазбаша өтініші негізінде шешеді. Өтінішке партия мүшелігіне қабылданушы туралы мәліметтер де қоса беріледі. Партияға қабылдауды партияның және оның филиалдарының саяси кеңестерінің бюросы, сондай-ақ БПҰ бюросы жүзеге асыруы м…

0
0
273