«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті
Бөкей ордасы аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева және фракция мүшелері қатысты.Күн тәртібінде:1. 2021 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.2. Аудан бойынша елді мекендердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы мәселелер қаралды.Отырыс барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдуллина жыл басынан “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар турал…