Алматыда Nur Otan депутаттары алғашқылардың бірі болып COVID-19 вакцинасын алды
Екпе Алматы қаласындағы №5 емханада салынды. Алматылық мәслихат депутаттары алдымен дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қан талдамасын тапсырды. Екпе салдырғаннан кейін 30 минут бойы дәрігер бақылауында болды. «Пандемия кезінде коронавирус жұқтырып алу қаупі вакцина салдыру қаупімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін түсінемін. Біз адамдар арасында жиі жүреміз, сондықтан вакцина өте маңызды. ДДҰ пайымдауынша, жаппай вакциналаудың арқасында ғана пандемияны тоқтатып, адамдардың өмірін сақтап қалуға болады», - деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Станислав Канкуров.
