Мазмұнға өту

Жаңа

Облыстық мәслихат депутаты Батпакулова Гүлмира тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Батпакулова Гүлмира тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдауға ерекше баланы тәрбиелеп отырған ана жолықты. Дәрі-дәрмекпен қолдау көрсетуді сұрады. Депутат жауапты мекемеге өтініш жолдап, заңнамалық тұрғыда түсініктемелер берді. Сонымен қатар жалғызбасты зейнеткер жолықты. Өзінің жағдайын түсіндіріп, үй тұрмысына көмек сұрап келді. Зейнеткерге "Jas Otan" ЖҚ белсенді жастарын жолдау арқылы көмек көрсетілетінін депутат түсіндіріп өтті.Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш бер…

0
0
221

Үгіт насихат жұмыстары

Мәжіліс депутаттығына үміткер Нурумова Гүлдара Алданышқызы "Айқын" шаруақожалығының малшыларымен Мойынқұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, 2021 жылғы қаңтардың 10 болатын сайлауға қатысуға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
213

Тәуелсіздік тұғыры

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

0
0
192

Заң аясында түсінік берілді

"Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидат М.Қырғызбай офлайн жағдайда жеке сұрақтарымен қабылдады. Ауыл тұрғыны әлеуметтік көмек, тұрғын үй, ауыз су мәселелерімен қайырылды. Барлық сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді.

0
0
205

Әлеуметтік мәселелермен қабылдады

"Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидат Т.Кәрібаева офлайн жағдайда жеке сұрақтарымен қабылдады. Ауыл тұрғыны әлеуметтік көмек пен ауыз су мәселелерімен қайырылды. Барлық сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді.

0
0
158

Қоғамдық қабылдау

партияның аудандық филиалының сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау бөлмелесінің салтанатты ашылу сәті өтті. Ашылу салтанатына штаб төрағасы Ш.Исабеков ашты. Сонымен қатар, партиялық тізімге енген кандидаттар, сенімді өкілдер қатысты.

Сайлауалды штаб жанындағы қоғамдық қабылдаудың ең басты мақсаты – «Nur Otan» партиясы жүргізіп келе жатқан саясат негізінде қарапайым халықтың өтініш-тілектерін тыңдау болып табылады.

Жалпы, электоралды науқан кезеңінде партияның сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында атқарады.

Қоғамдық қабылдаудың презентациясына бұқаралық ақпарат құралдары, партиялық тізімге енгізілген кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері де қатысты.

0
0
151

Партиялық бақылау

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан орталығындағы №8 Мойынқұм колледжіндегі санитарлық талаптардың сақталуын бақылап, студенттер мен ұстаздардың санитарлық нормаларды қатаң сақталуын бақылауға алды.

0
0
152

Ардагер ұстаздарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттыдады

Аудандық депутаттық фракциясының мүшесі Шолпан Какижанова канвассинг шарасы аясында Ақжайық ЖОББ мектебінің кәсіподақ ұйымы өмірінің саналы бөлігін жастарға сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие беру ісіне арнаған ардагер ұстаздарды көпжылдық еңбектері үшін, ұрпақ тәрбиесі жолындағы қосқан үлесі үшін алғыс айтып, халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Атап айтсақ: Салима Нигметовна, Асима Елеусиновна, Канзия Баташевна, Руслана Какентаевна, Гулжан Зайнушевна, Маруа Атамбозовна, Кабира Кабдсыховнаны.

0
0
193

Ардагер ұстаздарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттыдады

Аудандық депутаттық фракциясының мүшесі Э.Утепбергенова Подстепный №1 ЖОББ мектебінің кәсіподақ ұйымы өмірінің саналы бөлігін жастарға сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие беру ісіне арнаған ардагер ұстаздарды көпжылдық еңбектері үшін, ұрпақ тәрбиесі жолындағы қосқан үлесі үшін алғыс айтып, халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

0
0
193