ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

#БҚОатақтыспортшылары

Салауат Байралиев 1994 жылы 17 сәуірде Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келді. Сырым ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол үйірмесінде жаттыққан Жаттықтырушы Руслан Чукуров.

Салауат Байралиев футболдан Сырым ауданының балалар мен жасөспірімдер құрамасы сапында «Coca Cola Былғары доп» турнирінің 2009-2010 жылғы маусымында ІІ дәрежелі жеңімпазы атанды.

Сырым ауданының құрамасының қатарында жүріп, футзалдан облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы болды. Қ.Мырзалиев атындағы мектепті аяқтағаннан кейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінде «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша жоғары білім алып жүргенде де футболдан қол үзген жоқ. Облыстық футзал лигасының 2013-2014 жылғы маусымында ол «Үздік қақпашы» атанды.

Салауаттың спорттық мансабы ақтөбелік «Інжу» әуесқой футбол клубына қабылданғаннан кейін өрлей бастады. «Інжу» клубының Қазақстан кубогіндегі ойыны «Ақтөбе» шағын футбол клубы деп қайта жасақталғаннан кейін жылма-жыл жақсара түсті. ҚР Чемпионатында екі жыл қатарынан жүлдегер атанған «Ақтөбе» шағын футбол клубы 2017-2018 Қазақстан Кубогінің иегері болды. Осы жарыста қақпашы Салауат Байралиев «Үздік қақпашы» атанып, жанкүйерлер түгілі, елдегі футбол мамандарына да өзінің шеберлігін мойындатты.

«Ақтөбе» клубы 2018 жылы Хорватияның Макарск қаласында UEFA Chempions League ойындарының элиталы раундына қатысты.

#БҚОатақтыспортшылары

#знаменитыеспортсменыЗКО