Мазмұнға өту

Жаңа

Аналар алғыстарын айтты

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалына қарасты аумақтық филиалдар партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі санаттағы аналарды мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Олардың қатарында тыл ардагерлері, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған сондай-ақ, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан батырлардың аналары бар.

Мереке аясында ұйымдастырылған шараларға облыстық, аудандық мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелері белсенді атсалысып, аналарға ыстық ықыластарын білдірді.

Көктемнің шуақты мерекесінде өздеріне көрсетілген құрметке разы болған аналар шараны ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын айтты.

0
0
220

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды...

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түркіменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/170609... *** По состоянию на 1 марта 2021 года на историческую родину вернулись и получили статус кандасов 2 407 человек. Всего с 1991 года в республику вернулись порядка 1 млн 73 тыс. этнических казахов. Более половины кандасов (72,9%), прибывших в Казахстан с начала т.г., являются выходцами из Узбекистана, 15% – из КНР, 4,6% – из Туркменистана, 3,5% – из Монголии и 4% – из других стра…

0
0
224

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша Электрондық еңбек биржасында жұмыс ...

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан кадрларға қажеттіліктің өсуі байқалады. Осы жылдың қаңтар айында ЭЕБ-да 60,4 мың, ал ақпанда 65,7 мың бос жұмыс орны, яғни 9% - ға артық орналастырылған. Өз кезегінде түйіндемелер динамикасы 6%-ға қысқарды: ақпан айында жұмыс іздеушілер 61,8 мың түйіндеме қалдырған, бұл қаңтардағы көрсеткіштерге қарағанда 3,8 мыңға аз. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/169567...***По данным АО «Центр развития трудовых ресурсов», на Электронной бирже труда наблюдается рост потребности в кадрах со стороны работодателей. За январь т.г. на ЭБТ было размещено 60,4 тыс. вакансий, а в феврале – 65,7 тыс., то есть на 9% больше. В свою очередь динамика резюме сократилась на 6%: в феврале со…

0
0
229

2021 жылғы 1 наурыздан бастап Электрондық еңбек биржасы жаңартылған форматта жұмыс істей бастады...

2021 жылғы 1 наурыздан бастап Электрондық еңбек биржасы жаңартылған форматта жұмыс істей бастады: жұмыс берушіні немесе жұмыскерді іздеу критерийлері кеңейтілді, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қоныс аудару бойынша ақпарат қосылды, сондай-ақ бұрын қолжетімді сервистер жақсартылды. Жыл басынан бері 15 мыңнан астам адам ЭЕБ-дағы қолжетімді сервистерді пайдалана отырып, жұмыс іздеп жүрген адам мәртебесін алды, 13 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелді, 4 мыңнан астам адам мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, 1,4 мыңнан астам жұмыссыз проактивті түрде өтініш жолдап, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды. Кез келген ЭЕБ пайдаланушысы көрсетілген қызметтерді нақты уақытта порталдың басты бетінде көре а…

0
0
237

Облыстық мәслихат депутаты Батпакулова Гүлмира тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Батпакулова Гүлмира тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдауға ерекше баланы тәрбиелеп отырған ана жолықты. Дәрі-дәрмекпен қолдау көрсетуді сұрады. Депутат жауапты мекемеге өтініш жолдап, заңнамалық тұрғыда түсініктемелер берді. Сонымен қатар жалғызбасты зейнеткер жолықты. Өзінің жағдайын түсіндіріп, үй тұрмысына көмек сұрап келді. Зейнеткерге "Jas Otan" ЖҚ белсенді жастарын жолдау арқылы көмек көрсетілетінін депутат түсіндіріп өтті.Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш бер…

0
0
240

Үгіт насихат жұмыстары

Мәжіліс депутаттығына үміткер Нурумова Гүлдара Алданышқызы "Айқын" шаруақожалығының малшыларымен Мойынқұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, 2021 жылғы қаңтардың 10 болатын сайлауға қатысуға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
231

Тәуелсіздік тұғыры

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

0
0
207

Заң аясында түсінік берілді

"Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидат М.Қырғызбай офлайн жағдайда жеке сұрақтарымен қабылдады. Ауыл тұрғыны әлеуметтік көмек, тұрғын үй, ауыз су мәселелерімен қайырылды. Барлық сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді.

0
0
220

Әлеуметтік мәселелермен қабылдады

"Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидат Т.Кәрібаева офлайн жағдайда жеке сұрақтарымен қабылдады. Ауыл тұрғыны әлеуметтік көмек пен ауыз су мәселелерімен қайырылды. Барлық сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді.

0
0
170

Қоғамдық қабылдау

партияның аудандық филиалының сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау бөлмелесінің салтанатты ашылу сәті өтті. Ашылу салтанатына штаб төрағасы Ш.Исабеков ашты. Сонымен қатар, партиялық тізімге енген кандидаттар, сенімді өкілдер қатысты.

Сайлауалды штаб жанындағы қоғамдық қабылдаудың ең басты мақсаты – «Nur Otan» партиясы жүргізіп келе жатқан саясат негізінде қарапайым халықтың өтініш-тілектерін тыңдау болып табылады.

Жалпы, электоралды науқан кезеңінде партияның сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында атқарады.

Қоғамдық қабылдаудың презентациясына бұқаралық ақпарат құралдары, партиялық тізімге енгізілген кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері де қатысты.

0
0
163