Айнұр Талғатқызы өзінің жалғызбасты ана екенін,қазіргі таңда әке-шешесімен Қарғалы ауылында 1 бөлмелі пәтерді жалдап 3 баласымен тұратынын, сол балаларға киім-кешек пен азық-түлік мәселесін шешіп беруін өтінген болатын. Сол өтінішке қарай Дәулет Жамалбекұлы Айнұр Талғатқызының 3 ұлына аяқ киім мен киім, азық-түлік алып беріп, мейлінше көмектесті. Өздерінің өтінішін жерге тастамай қиын күнде демей білген " Nur Otan" партиясына, облыстық мәслихат депутатына бұл отбасы аналық алғыстарын білдірді.