БАЛҒАЛИЕВ АЙДЫНҒАЛИ: - 26 ақпан күні маслихат депутаттарының азаматтар мен азаматшаларды жеке қабылдау кестесіне сай онлайн қабылдау жүргізген болатынмын. Онлайн қабылдауға 4 азамат жазылды, негізінен шаруашылықтар тарапынан сұрақтар келді. Қабылдау барысында басты сұрақтар жер мәселесі және несиелік қолдау тетіктері жөнінде болды. Барлық азаматтарға қойылған сұрақтары бойынша толық жауап берілді, сонымен қатар әрі қарай кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қол жеткізу үшін тиісті мекемелерге бағытталды. Сонымен қатар қабылдау барысында шаруашылықтар тарапынан көтеріліп отырған басты мәселе немесе бір уақытта шешу мүмкін емес мәселе бұл- жер жетіспеушілігі, не жермен тиісті дәрежеде жұмыс атқармай отырған шаруашылықтардың жеріне түгендеу жүргізу және мүмкін болған жағдайда кері қайтару, қайтарылған жер учаскелерін аса қажет болып отырған шаруашылықтарға беру жағын қарастыру. Аталған мәселе бойынша толық мағлұмат берілді. Баршаңызға белгілі соңғы жылдарда ауданымызда ауыл шаруашылығы , әсіресе мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Ал өз кезегінде мал шаруашылығын дамытуда басты фактор бұл мал жаюға немесе азық дайындау үшін жер телімдерінің болуы.
Алайда нақтысына келер болсақ бүгінгі күнде шаруашылықпен айналысуға жер алып пайдаланбай , толық пайдаланбай отырған немесе ертеректе ашылып жұмыс атқармай отырған шаруашылық құрылымдары аз емес. Сол себепті алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің игерілуіне қарқынды мониторинг жүргізілетін болады. Осыған орай ауданымыздың барлық шаруашылықтарынан түсіністікпен қарап жеріңізді толық немесе ішінара игере алмасаңыздар кері мемлекеттің қорына тапсыруларыңыз сұралады. Өйткені осы өзінің орналасқан жер шегінде оптимальді жер учаскелерінің болмауы кейбір шаруашылықтардың дамуына өте зор кедергі болып отыр. Жалпы баршамыз осы елді мекендердегі кәсіпкерлердің, шаруашылықтардың сан жағынан емес сапа жағынан дамуы бұл жалпы сол елді мекен халқының әлеуметтік тұрғыда тұрақтылығы мен қорғалуының басты тірегі деп қарастырғанымыз жөн.
"Елде болса ерінге тиер" деп қазағымыз бос айтпаған, сол себепті баршаңызды бірлік пен татулық және адамгершілік пен тұрақтылық негізінде бірлесіп қызмет атқаруға шақырғым келеді.
Істеріңіз алға бассын ағайын!