Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалы

Бүгін "Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалының төрағасы,аудан әкімі Нұржан Тілеужанұлы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр түрлі мәселелер бойынша тұрғындарды "Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалының мәжіліс залында жеке қабылдау жүргізді. Нұржан Тілеужанұлының жеке қабылдауына әр ауылдық округтердің тұрғындары келіп, өз ұсыныстары мен сұрақтарын қойды.Нұржан Тілеужанұлы тиісті бөлім басшыларына жеке тұлғалардың тарапынан көтерілген мәселелері бойынша тапсырмалар берді.

14
0
183

Депутаттардың ауылдық округтердегі кездесуі

Депутаттардың ауылдық округтердегі кездесуі

2021 жылдың 16 наурызынд аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат хатшысы С.Мулдашев және «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин Талдықұдық, Ақпәтер, Қайыңды, Болашақ ауылдық округтерінде болып, қоғамдық ұйым мүшелері мен жергілікті қоғамдастық өкілдерімен, мекеме басшыларымен кездесті.

Кездесуде аудандық мәслихат пен тұрақты комиссиялардың өткен жылғы атқарған жұмыстары және VII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының жұмыс бағыты туралы мәліметтер беріліп, хабардар етілді.

Ауыл тұрғындарының көкейде жүрген сұрақтарын қойын, тиісті жауап алды.

Ауылдық округтегі кездесу барысында санитарлық талаптар сақталды.

0
0
163

"Депутатқа сауал қой"

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Қ.Иманханов өз әлеуметтік желісінде "Депутатқа сауал қой" атты іс-шарасын өткізді. Эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жөнінде, соның ішінде жастарға көрсетілетін көмектер жайындағы мәселелер қаралды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, депутатқа сұрақтарын қойып,Толыққанды жауп алды.

0
0
140

ДОСМАИЛОВ Қанат Нүркешұлы Азаматтарды жеке қабылдауы

25.03.2021 күні Панфилов ауданы мәслихатының депутаты ДОСМАИЛОВ Қанат Нүркешұлы Азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, қабылдауда түрлі мәселелер жөнінде сөз қозғалып, шешімін табу жолдарын қарастырды. Қабылдауға жазылған азаматтарымыздың мәселелері оңтайлы шешімін тапты. Сонымен қатар қабылдауға қатысқан жұмыссыз жүрген қарындасымыз, сәуір айынан бастап жұмысқа орналастырылды.

0
0
200

«Ардагерлерді ардақтайық»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мен Береке ауылдық мешіті қызметкерлері, сонымен қатар еріктілердің қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Қайырымды 30 игі іс" «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» жобасы аясында бірталай отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

0
0
100

“Салауатты өмір салты”

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында және аудан көлемінде өткізіліп жатқан Наурыз мейрамының он күндігі аясында шымырлық пен шеберлік күніне орай ұйымдастырылған Кездесу кешінің қонақтары Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ардагерлер арасындағы Әлем чемпионы, күміс, қола медаль жүлдегері, Грек-Рим күресінен бапкер Серғазиев Қасенхан Қырғауылбайұлы және СССР спорт шебері. Грек-Рим күресінен бапкер Қыпшақов Бағашар Кәтішұлы. Денсаулық- адам өміріндегі ең басты құндылық және адам өмірінің негізі. Осыған байланысты сұхбат барысында Серғазив Қасенхан Қырғауылбайұлы және Қыпшақов Бағашар Кәтішұлы салауатты өмір салты жайлы, сондай-ақ спорт саласындағы жетістіктері, көк туымызды көкте желбіретіп,шәкірттер тәрб…

0
0
147

"Депутатқа сауал қой"

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Р.Тулақбаев өз әлеуметтік желісінде "Депутатқа сауал қой" атты іс-шарасын өткізді. Эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жөнінде, соның ішінде жастарға көрсетілетін көмектер жайындағы мәселелер қаралды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, депутатқа сұрақтарын қойды.

0
0
149

Партиялық жобалар аясында көмектер көрсетілуде

«Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында, аудандық мәслихат депутаты Ольга Чебоненко көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетімен көмегін көрсетті.

#бақыттыотбасы

#бақыттыотбасықарасайауданы

#халыққакөмек

#халыққакөмекқарасайауданы

0
0
124

Қалықова Кулилаға тігін тігетін машина мен іс тігуге қажетті заттарды сыйға тартты.

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы,Үшарал ауылының белді кәсіпкері, аудандық кәсіпкерлер палатасының мүшесі Бақытгүл Мырзахметованың ұйымдасыуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған "Қайырымды 30 игі іс" «Ардагерлерді ардақтайық» «Бақытты отбасы» жобасы аясында Үшарал ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азаматша Қалықова Кулилаға тігін тігетін машина мен іс тігуге қажетті заттарды сыйға тартты.Осы игі іске азаматша Қалықова Кулиланың анасы Алтын алқа иегері Халақова Пшан апа өз алғысын айтып, ақ тілеулі батасын берді.

0
0
130