Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында инженерлік инфрақұрылым салу жобаларымен танысу.
Жұмыс сапарымен троллейбус паркін дамыту мен ондағы жүргізушілерге әлеуметтік жағдай жасау жұмысымен, ЛРТ-ны дамыту, сондай-ақ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында инженерлік инфрақұрылым салу жобаларымен таныстым. Мұнда 13,5 км сумен жабдықтау және 17 км су бұру желілері салынады. Жолды тегістеу мен жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Көлік жолайрығының құрылыс алаңдарында болдым. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы құрылыс жұмысын жыл соңына дейін, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесіндегі жұмысты келесі жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарда бар. Төле би көшесінде инженерлік желілерді төсеу жұмыстарынан кейін аталған учаскені ретке келтіруді тапсырдым. Жыл соңына дейін Алатау ауданындағы Саялы ықш.-да 1800 орынды мектеп салынады. Түрксіб ауданындағы Огарев көшесінде заманауи балабақша мен оқушылар үйін салу жоспарланды. —— Во время рабочего объезда ознакомился с проектами развития и создания социальных условий для водителей троллейбусного парка, развития ЛРТ, а также строительства инженерной инфраструктуры в мкр. Алгабас Алатауского района. Здесь будет проложено 13,5 км сетей водоснабжения и 17 км водоотведения. Ведется подсыпка и выравнивание дорог. Посетил строительные площадки транспортных развязок. На пересечении пр. Рыскулова – ул. Емцова планируем завершить работу до конца года, на пр. Сейфуллина – ул. Жансугурова — в первом полугодии следующего. Поручил привести в порядок участки ул. Толе би, где проводились работы на инженерных сетях. В мкр. Саялы Алатауского района к концу года построим школу на 1800 мест. В Турксибском районе по ул. Огарева планируем возвести современный детский сад и дом школьников.
