Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2021 жылдың 25 наурыз күні Ақжайық аудандық «Nur Otan» партиясы филиалында БҚО ТЖД Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, №10 ӨСБ-нің жеке құрамымен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Күн тәртібінде: Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы және атқарылып жатырған іс-шаралар бойынша талдау талқыланды.

«Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының бірінші орынбасары А.Нысанбаева өзінің баяндамасында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет екенін айтты.

Ақжайық ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының у.м.а. Р.Кашкинбаев өртті қадағалау органдарымен қолданылатын өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен мақсатын түсіндірді. Өрт қауіпсіздігі саласында қолданылатын негізгі актілеріне тоқталып өтті. Өтті алдын алу және оны болдырмау мақсатында, бизнесінің қарқынды дамуы үшін әр кәсіпкер өзіне қарасты объектісінің өрт қауіпсіздігіне аса назар аудару қажет екендігін қатаң назарда ұстау керектігін түсіндірді.

0
0
246

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. - Yvision.kz