Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Канвассинг форматында кездесу өтті

20 наурыз күні Казталов аудандық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Гүлбарам Лұқпанова Қараөзен ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, медиатор-Болат Оразұлы Бекешев және қоғамдық кеңес мүшесі, медиатор Амангелді Сатыбалдыұлы Кенжеғалиевтің шаңырағында болып, Көрісу күні және "Наурыз" мерекесімен құттықтап қайтты.Кездесу барысында депутат "Nur Otan" партиясының 2025 жылғы арналған бағдарламасы негізіндегі Жол картасымен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстар жөнінде пікір алмасты. Ақсақалдар депутатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

0
0
210

Осы тақырып бойынша

Канвассинг форматында кездесу өтті - Yvision.kz