Мазмұнға өту

Жаңа

Оң шешімін тапқан сұрақтар

В Общественную приемную Уланского районного филиала партии «Nur Otan» обратилась жительница с. Айыртау Кадырбаева Назым Сакаевна, по вопросу помощи в оказания госуслуги через электронное правительство РК egov. kz для оформления получения гражданства РК. С помощью работников филиала партии была подана заявка через электронное правительство РК egov. kz, заявление Кадырбаевой Н. на стадии рассмотрения, вопрос решен положительно.

0
0
188

Ана туралы өлең

Сізде ғой жақсылықтың бар асылы,махаббатым.

Жүрегімнің түбіндегі сезімдер,

Бір өзіңізге арналады,жанашыры.

Сізге деген махаббатым толастаған-

Жарласам да, әндетсем де бітпейді,

Кейбіреулер мүны - шексіздікке теңейді.

Ал мен болсам, теңеймін өзіңізді -

Жарқыраған жарық жұлдызға!

Қолдаған, демеу болған әрдайым ұлыңыз бен қызыңызға.

Ана, сіз бақыттысыз, бақытқа лайық жансыз,

Құдды бір толқындардан құтқаратын қайықтайсыз.

Ана - сіз бақытты боласыз да,

Себебі, сіз бақытқа лайық жансыз!

Балаларыңыз сізбенен мақтанада,

Сіз барда көңіліміз шаттанады.

Мейірімдісіз, көңілдісіз, қамқорсыз,

Қызыңыз әлі талай қияларға самғатады!

0
0
554

Қоғамдық қабылдау жүргізілді.

В Общественную приемную Уланского районного филиала партии «Nur Otan» обратилась жительница с. Таргын, Магзам Тоядом- мама, воспитывающая одна двоих несовершенолетних детей, по вопросу необходимости выкопки водопроводной траншеи к дому для чистой питьевой воды. Рассмотрев обращение, после переговоров с частным предпринимателем Джакупбаевым Аскаром Аланкалұлы директор ТОО «Восток-Асфальт» вопрос решен положительно. Водопроводная траншея выкопана до дома.

0
0
146

ШҚО-да «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының XXV есептік-сайлау конференциясы өтті.

Облыстық конференцияны өткізу алдында жоғары ұйымдастырушылық – саяси деңгейде 288 бастауыш партия ұйымының жиынымен 20 аумақтық филиалдың есеп беру және сайлау конференциялары өткізілді.2019-2020 жылдар аралығында партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасаған филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, Жол картасын орындауға байланысты алдағы кезеңге партия қызметінің басым мәселелеріне баса назар аудардыӨңір басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша шолу жасап, ауыл шаруашылығы саласын, өнеркәсіптік өндірісті, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін ерекше тоқталып, коронавирусқа қарамастан 2020 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму жоспарлары б…

0
0
198

Қазақ ырымдарындағы отбасылық құндылықтар мен табиғатты аялау дәстүрі

Кемеңгер ақын Мағжан Жұмабаев “Өркениет дегеніміз эволюциялық белгілі бір дәреже этностармен мемлекеттердің аралас-құралас қана емес тарихи және мәдени біртектілік болмысының автономды дамуы болса керек”,- деп өркениет дамуының негізі тек материалдық дүниемен емес, сондай-ақ халықтың қалыптасқан мәдениті мен рухани құндылықтарының негізінде де жүзеге асатындығын айтады. Бұл ойды әрі қарай тарқататын болсам “біріншіден, көшпенділер басқа көршілес қауымдармен арақатынаста болды, ал ол қауымдар болса, отырықшы егіншілер, қала мәдениеті дамыған өлкелерде тұрды. Екіншіден, көшпенділердің өз ішінде жартылай көшпенді, жартылай отырықшы малшылар болды. Үшіншіден, көшпенділердің отырықшылыққа көшу, қалалық мәдениетпен ұштасу, түйісу тенденциясы тарихта орын алды”, яғни көшпелі халықтың кемелденуін…

0
0
846

Билер билігінің қазақ даласындағы маңызы.

Қазақ билері ерте заманнан-ақ түрлі сот істерін шешетін, ақыл-кеңес беретін, сөзге жүйрік тергеушілердің қызметін атқарған. Өздерінің тапқырлығымен, көрегендігімен, сөз шеберлігімен түрлі даулы мәселелердің дұрыс шешімін таба білген. Қазақ билері әділ және ел құптаған, халық сөзін сөйлей білген шешендер. Өз әділеттілігімен, тапқырлығымен, көрегендігімен, айбындылығымен, көсемділігімен көзге түскен қазақтың атақты билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.Қазақ халқының бұл билері еліміздің келешегі мен тыныштығы үшін күрескен халық қаһармандары.Соның ішінде Ұлы жүз биі – Төле би. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, шешендігімен, әділеттілігімен, көрегендігімен көзге түскен. Төле би қазақ халқын нығайтуға, бір орталыққа бағындыруға өз үлесін қосқан. Біз оқыған аңыз әңгімелерден соның іш…

0
0
1006

Тыл ардагері - Әбілұлы Шазатхан

Мен 1939 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы , Авангард совхозында туылдым. 1959 -1962 жылдары комсомол ұйымының секретары және де тракторист болып жұмыс істедім совхозда. 1965- 1975 жылы зоотехник және мал дәрігері совхозда. 1975-1982 жылы инженер техника қауіпсіздігі, және де машина – трактор шеберханасында КПСС цехтық ұйымының секратары. 1982-1984 жылдары Жанар жағар майларының меңгерушісі. 1984-1987 жылдары темір- терсек бөлшектер қоймасының меңгерушісі. 1987-1993 жылдары совхоздың орталық қоймасының меңгерушісі. Білімім жоғарғы оқуға түсіп аяқталмаған, орта білім мамандығым бар. 1994 жылы зейнеткерлікке шықтым.

#ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#жеңісесімдері

0
0
184

Қазіргі таңда ең танымал әрі сұранысқа ие мамандық иесі болғың келе ме?

Қазіргі таңда ең танымал әрі ең сұранысқа ие мамандық ол -психолог. Осыдан он жыл бұрынғы статистика бойынша бұл мамандық актуалды емес болатын , алайда дәл қазіргі таңда бұл мамандық иелері сұранысқа ие, әрі қоғамда өзінің ойып тұрып орын алатын мамандықтардың бірі.Алайда, қазіргі кездегі "әуесқой" психологтардың көбеюіне орай, кәсіби психологтардың қызметіне байланысты сан түрлі түсініспеушіліктер мен психологтарға деген дұрыс емес көзқарас қалыптасуда. Сонымен кәсіби психолог дегенім кім? Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. Алайда әуесқой психологтардан айырмашылығы , кәсіби психолог кеңес беру барысынд…

4
0
530

Мал шаруашылығы.

Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік тү…

0
0
292

Ауыл шаруашылығының маңызы

Ауыл шаруашылығының маңызыАуыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықты…

0
0
314